о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
‌
МестаКуда сходить

Жай ғана кофехана емес

11 июня 2025
‌
Андрей ГорюновЖурналист, телеведущий, учитель русского языка и литературы
‌
‌
‌

Юрта

м. Дворец единоборств • Астана, Қабанбай Батыр даңғылы, 48/7
 5.0(161 оценка)
5 000-12 000 ₸ • Европейская

Контакты

‌
‌
‌

Лондон Париж

м. Сыганак • Астана, Қабанбай Батыр даңғылы, 20
 5.0(368 оценок)
<5 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Basqur

м. Сыганак • Астана, Республика даңғылы, 6
 4.8(24 оценки)
<5 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Eagilik

Астана, Кенесары көшесі, 61/1
 4.5(30 оценок)
<5 000 ₸

Контакты

‌
‌
‌

For you bakery

м. Сыганак • Астана, Қабанбай Батыр даңғылы, 11/5
 5.0(254 оценки)
<5 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Book Cafe

м. Сыганак • Астана, Мақсұт Нәрікбаев көшесі, 22
 4.8(133 оценки)
5 000-12 000 ₸ • Халяль, Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Культура Диктует

м. Байтерек • Астана, Сығанақ көшесі, 33
 5.0(281 оценка)
<5 000 ₸

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Bakerist

м. Дом министерств • Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 22
 5.0(548 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Европейская

Контакты

‌
‌
‌
‌
‌
‌

Cult

м. Университет • Астана, Қабанбай Батыр даңғылы, 60/3
 5.0(179 оценок)
<5 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Six Coffee + Wine

м. Байтерек • Астана, Есіл ауданы, Ақмешіт көшесі, 1блок3
 5.0(542 оценки)
5 000-12 000 ₸

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Big Apple

м. Сыганак • Астана, Достық көшесі, 1
 5.0(519 оценок)
<5 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

La Creme Boutique

м. Сыганак • Астана, Достық көшесі, 1А
 5.0(1166 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Европейская, Паназиатская

Контакты

‌
‌
‌

Chekhov

м. Сыганак • Астана, Төле Би көшесі, 61
 5.0(128 оценок)
<5 000 ₸ • Европейская

Забронируйте онлайн

Потребуется авторизация Яндекс ID
08:0012.1008:3012.1009:0012.1009:3012.10Все слоты
‌
‌
‌
КофейняЗавтраки

Поделиться

о людях и еде от

Версия: 2.254.0

Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияРазвлеченияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
СкидкиОткрытияВакансииСобытияКадрыИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
РекламаО редакцииРедакционная политика

© 2026, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru

«Юрта Кофе»

Астанада мыңнан астам кофехана бар, алайда нағыз кофе үзілісі — бұл тек кофе дәндері емес, бұл керемет көңіл-күй. Біз сіз үшін астанадағы кітапхана-кофеханалардан бастап кофе қоюында жорамал ашатын орындарға дейінгі шын көңілді әрі стандартты емес кофе ішетін орындарды жинап қойдық.

Дала қонақжайлығының дәмі

«Юрта Кофе» этномодерн трендінен шабыт алған орын. Бұл орынның авторлары — жай ғана кофе қайнатып қоймай, Қазақстанның тарихы мен дәстүрлері туралы айтқысы келген достар. Дәстүрлі қазақ киіз үйінің нақышындағы дизайн; түркі халықтарының оюлары, өрнектелген кілемдер, қазақ әуендері — дала тұрмысының элементтері заманауи жобаға үйлесімді түрде енгізілген.

Фишкасы: қазақ мәдениетінен шабыт алған ерекше сусындар. «Тары Латте» — ұнтақталған (қуырылған) тары қосылған нәзік және сәл жаңғақ дәмі бар кофе. «Жент Кофе» — ерітілген май мен қазақ десерті жент хош иісі бар эспрессо. «Балқаймақ Раф» — бал мен қаймақ қосылған кілегейлі раф. Оған қоса қазақ колоритіне қаныққан еуропалық асхана классикасын татып көреміз: жылқы еті қосылған цезарь, жылқы еті қосылған паппарделле, қазы қосылған пицца.

London Paris

Астанадағы көне Еуропа рухы

Француз сүйкімділігі, британдық ұстамдылық — London Paris сәл бәсеңдеуге шақырып тұрғандай. Кофеханада еуропалық вайб орнаған: жұмсақ креслолар, пастельді реңктер, жылы шам жарығы және көптеген көрікті ұсақ-түйек. Раф пен фраппучиномен ауқаттанып, сағаттап отыра беруге болады. Айтпақшы, балмұздақ қосылған кофе нұсқалары назар аударуға тұрарлық бөлек бөлімге шығарылған.

Фишкасы: тәуліктің кез келген шағындағы таңғы астар. Түстен кейін бенедикт жұмыртқасын қалайсыз ба? Жасап береміз. Кешкілік кофемен балғын круассан қалайсыз ба? Ол да оңай. Айтпақшы, London Paris-дегі пісірмелер керемет. Үлпілдек, қытырлақ круассандар — топпингтерін таңдауға болады: сыр, балмұздақ, гранола-таңқурай, сонымен қатар, етті және балық салмасы бар.

Basqur

Кілем аясындағы спешелти

Астана — футуризм ұлттық дәстүрлермен қатар жүретін қарама-қайшылықтар қаласы; Basqur — осы әлемдердің қиылысатын нүктесі. Қарапайым концепциялардан шаршаған болсаңыз және мінезге толы орын іздесеңіз — осында келіңіз. Basqur жұмсақ креслолары мен романтикалық жарығы бар үйреншікті кофеханаларға ұқсамайды, бұл жер — индустриалдық және ұлттық сарындағы стильді коворкинг. Қатаң интерьер сызықтары ұлттық оюлармен қатар орналасқан, осының бәрімен балама кофе мінсіз үйлеседі — аэропресс, батч және барынша сирек hoop пен флэш-брю.

Фишкасы: сыйлыққа 0,7 л шөлмек су беріледі — кофе мәдениетіндегі сирек кездесетін қамқорлық белгісі.

Eagilik

«Файф-о-клок» кофесі

Eagilik — кітап сүйер, зиялы қауым мен шығармашыл адамдарға арналған орын. Кофеханада орыс, қазақ және ағылшын тілдеріндегі кітаптарды тегін оқуға, ал абонементіңіз бар болса, оларды үйге де алып кетуге болады. Ағаштан жасалған кітап сөрелері, парақтардың иісімен араласқан кофе хош иісі, тыныш фондық музыка — бұл жерде уақыт туралы ұмытып, жай ғана өз-өзіңмен сырласуға болады. Ал өз-өзіңмен сырласу сәттерін жалбыз қосылған латте мен жып-жылы, хош иісті, әжемнің қолымен жасалғандай үйдегідей алма бәліші әсем толықтырады.

Фишкасы: Speaking Club — ағылшын тілінде әңгімелесу клубтары мен IELTS емтиханына дайындайтын сабақтар. Сондай-ақ, әдеби кездесулер, жазушы шеберлігі бойынша шеберлік сағаттары, кітаптарды талқылау және шақырылған авторлардың дәрістері.

For You by QG

Сізге арналған кофе мен эстетика

Аңызға айналған Qazaq Gourmet мейрамханасының командасы ұсынған кофехана. Эстетика мен үйлесімділік — осы екі сөз осы жобаға тән. Бұл орын іскерлік кездесулер мен жеке кофе үзілістері үшін жарайды. Жұмсақ, қанық дәмді, маусым сайын өзгеріп отыратын ерекше шәрбат қосылған фирмалық латтені ішіп көруге кеңес береміз. Үздік ауқат — йогурт-манго тұздығына салынған ерітілген ірімшіктен жасалған сүзбелі құймақтар мен алма, грек жаңғағы және кілегей мен қайнатылған қойылтылған сүттен жасалған мусс жағылған даршын қосылған сұлы құймақтары.

Фишкасы: фотосессияларға лайық интерьер. Дизайнерлік жиһаз, жұмсақ жарықтандыру және ойластырылған бөлшектер — қарапайымдылық пен үйлесімділік теңгерімі.

Book Cafe

Парақшалар иісі сіңген кофе

Кофе ішіп отырып, кітап оқығанды ұнататын жандарға арналған тағы бір орын. Book Cafe интроверттерді, студенттерді және ойланып отырып, жалғыз отыру атмосферасын бағалайтындардың бәрін тартады. Мұнда кітап клубтары, кино көрсетілімдері мен шеберлік сағаттары үнемі өтіп отырады. Интерьер кітапханаға ұқсайды: жылы шам жарығы, ағаштан жасалған сөрелер, жайлы креслолар мен кітаптардың иісімен араласқан жаңа ұнтақталған кофенің хош иісі. Фирмалық татымды кофе немесе лаванда қосылған раф — бір-екі тарауға керемет «лонг». Жергілікті бургерлерді де өткізіп алмаңыз: оларді бір тістегеннен-ақ ұнатып қаласыз деген ойдамыз.

Фишкасы: буккроссинг. Сөреден кітап алып оқуға, өз кітабыңызды басқа кітапқа немесе тегін кофеге алмастыруға болады, ал белгілі бір сомаға тапсырыс берген кезде бір томды сыйға аласыз.

«Культура Диктует»

Кофе өнер сынды

Астанада балама кофені тұтыну мәдениетін қалыптастырып, спешелти сүйер қауымды әлі де шабыттандырып келе жатқан орын. Негізін қалаушылар — баристалар. Олар Астанада балама қайнату тәсілдері мен бүтіндей бір қара кофеге деген сүйіспеншілікті ауқымды түрде бірінші болып енгізгендердің қатарында болды. Бұл жердегі мәдени баю тек кофеге қатысты емес: бұл кеңістікте жас суретшілердің көрмелері мен заманауи өнер туралы дәрістер ара-тұра өтіп тұрады.

Фишкасы: бүкіл әлемнен — Нидерланды, Германия, Словакия, Корея, Араб Әмірлігінен әкелінген дәндер. Әрбір кофе тарту сусынның мәдениеті туралы қысқаша әңгімемен сүйемелденеді.

Bakerist

Пісірме кофеден маңызды болатын жер (сәл болса да)

Bakerist — бұл жерде кофе скрипкада ойнаса, пісірмелер ән шырқайды. Бұл орынның атауында baker мен barista сөздері біріккен. Мұнда круассан, эклерлер мен тарталеткалар пісіреді, бұл жердегі жаңа піскен нанның иісі — мінсіз таңға уәде іспеттес. Бірегей инстаграмдық латте (мысалы, баунти дәмі бар және микро-круассанмен бірге тартылатын) — кепілдік.

Фишкасы: классиканы сыйласа да, трендтерді жай жібермейтін, мысалы, флэт- және ролл-круассандар ұсынуға даяр ультрасәнді париждік нан дүкенінің вайбы. 2025 жылдың ақпан айында Bakerist алғашқы кофе рейвін өткізіп, күндізгі жиындарды қайталап отыруды жоспарлауда.

Holdmy

Футуризм, жылдамдық және кофе

Holdmy — металл акценттермен минималистік интерьер түрінде безендірілген қалалық көшпенділерге арналған ауқаттанып алатын станция. Бұл жұмыс істеу, кездесулер өткізу немесе өзіңізбен бірге кофе ала кету ыңғайлы орын. Ең қатаң әрі күшті допинг — батч-брю; жұмсақ әрі романтикалық — қаражидек пен пралине попкорн қосылған гүлді латте.

Фишкасы: жылдам табыстайды — латтеңіз «әзір болғанша» күту керек емес.

Cult

Баристалар баристалар үшін жасаған кофехана

Cult — кофені жай ғана қайнатып қоймай, оны зерттейтін лаборатория. Баристалар кениялық және колумбиялық дәндердің қандай айырмашылығы барын айтып береді, бір сұрыбы неліктен фильтрде, екіншісі эспрессода жақсырақ ашылатынын түсіндіреді, қуырып-қайнатуға қатысты кеңестер беріп, кофені ұлы сусын ететін не нәрсе екенін іс жүзінде көрсетіп береді.

Фишкасы: сирек сұрыптар, оның ішінде лимиттелген «гесттер», балама қайнату тәсілдері мен өсімдік сүтін таңдау.

Six Coffee & Wine

Күндіз кофе, кешке шарап

Ақиқат шарапта болса, кофе эмоциялар сыйлайды. Six Coffee & Wine — бұл таңғы кофе біртіндеп кешкілік шарап бокалына өтетін орын. Мұнда сусындардың екі мәдениеті кезігеді және бұл табиғи үйлесім болып көрінеді. Күндіз — жұмыс атмосферасы, эспрессо мен тыныш музыка. Кешке — жұмсақ жарық, шарап және өмір туралы әңгімелер. Six заманауи, стильді интерьерге ие, ортасында — осы орынның екі басты құмарын бейнелейтін кофемашина мен шарап шкафы. Бәріміз осы жерге кофе үшін жиналғандықтан, тапсырыс бойынша басты ұсыныс — бірден үш кеседен ішіп көруге болатын кофе сеті.

Фишкасы: концепциялық дуализм, бариста мен сомелье бір адам.

Big Apple

Астанадағы (немесе Алматыдағы) Нью-Йорк бұрышы

Big Apple — Нью-Йорк атмосферасынан шабыт алған кофеханалар желісі. Бірақ Алматыда жасалған. Кофехана негізін қалаушылардың ойы бойынша, бір жұтым ыстық фильтр-кофе сізді Манхэттен жүрегіне бір сәтке барып келгендей сезімге бөлеуі тиіс. Урбанистикалық стиль, биік төбелер, қаланған кірпіш, ұзын ағаш үстелдер осы ойды бейнелеп береді.

Фишкасы: қара кофені қайнатудың балам тәсілдерінің кең таңдауы — пуровер, кемекс, американ пресс, сифон, аэропресс, шығыстағыдай кофе және австралиялық лунго. Мәзірде «дұрыс тамақтану» позициялары да көп.

La Crème

Астананың ортасындағы француз салтанаты

Құрбылармен таңғы ас ішіп, Парижге билет сатып алу үшін мінсіз француз бистросы. Бұл жерде — жарқын интерьер, панорамалық әйнектер, жұмсақ креслолар, бәсеңдетілген музыка және көздің жауын алар витрина. La Crème таңғы асты Les Deux Magots дәстүрімен тарту етеді, жақсы кофе қайнатып, қолдан жасалған торттар салынған бокстарды сыйлық ретінде немесе өз-өзіне арнап жинақтайды.

Фишкасы: «нағыз» француз пісірмесі — бадам круассандары, багеттер, профитроли.

Chekhov

Кофе, бургерлер және мүлде комедиясыз

Егер Антон Павлович Чехов Ялтада емес, Астанада кофе ішетін болса, Chekhov-ты таңдар еді. Бірақ атауы — ұлы классикке емес, Павлодар қаласына сілтеме; желінің алғашқы кофеханасы дәл сол қалада ашылған еді (иә, Чехов көшесінде). Мәзірде көптеген авторлық кофе бар: банан, қауын, сыр, орео немесе лаванда дәмі бар.

Фишкасы: кофеханада мүлде күтпеген қуатты бургерлер.

Кофе қоюында жорамал жасаңыз

Karma Coffee-де әлемге не берсең, соны аласың деп сенеді. Мұндағы дәндерді жергілікті фермерлер өндірген, қаптамасын қайта өңдеуге болады, қалдықтар барынша азайтылған, ал егер көп реттік стаканмен келсеңіз, жеңілдік аласыз. Жайлы жарық, камералы және рәсімді Karma Coffee сіздің алға қойған жоспарларыңызды өзгертуге әсер ете алатын әңгімелер мен пайымдаулар құруға елең еткізеді. Бұл кофеханада тылсым дақтары болғанымен, бұл эзотерикалық кабинет емес. Бірақ, «Жаңа мүмкіндіктер» атты латте, жалбыз-цитрусты «Ақ жол» кофесі мен «Бүгінгі секс» американо кофесінің арасынан таңдау мүлде басқа критерийлермен жасалатын сияқты.

Karma Coffee

Фишкасы: Таро карталарын тарату және кофе қоюында жорамал жасау.