Bizou мейрамханасының шеф-аспазы
Ата-анам келген кезде, Navat-қа барамыз — олар шығыс асханасын ұнатады. Палау, ет, міндетті түрде тары қосылған шай, қаймақ және ыстық бауырсақ аламыз. Достармен Uyde жиі кездесеміз, оған қоса бізге Atomic атмосферасы жақын. Жаңа жобалардан Lievito Madre ұнады: Әділғазы Қойлыбаев өз орнын қалай дамытып, қонақтар үшін жақсы нан әзірлеп жатқанын қараған қызық.
Sushiman мейрамханаларының иесі
Отбасыммен бірге таңғы ас ішу үшін Big Apple немесе Cult-ке жиі барамыз — ол жер жайлы, тыныш әрі әрдайым дәмді. Түскі асқа La Bottega немесе Bitanga-ны таңдаймыз — олардың ас әзірлеу тәсілі мен жалпы атмосферасы ұнайды. Достармен Hola-Hola немесе Ketchup-та жиі кездесеміз — ондағы жанды атмосфера жеңіл көңіл-күй сыйлайды.
Selfie мейрамханасының шеф-аспазы
Таңғы ас ішу үшін мен «Точкаға» жиі барамын — ол жерде мен үшін дұрыс таң басталады: тыныш атмосфера, жақсы кофе және бүкіл күнге сарын сыйлайтын қарапайым, түсінікті тамақ. Егер серуеннен кейін бірдеңе жегім және жайлы бір жерде дем алғым келсе, әдетте «Ом» немесе Shio Izakaya-ға барамын. Бұл бір секундқа тоқтап, тыныс алып, жылы әрі дәмді бірдеңе алып, жай ғана әр сәттен рахат алуға болатын орын. Ал Temple-ден алкогольсіз сусындар алғанды ұнатамын. Ол жерден әрдайым қызықты дәмдер мен күтпеген үйлесімдер табуға болады. Ал соңғы ашқан жерлерімнің арасында ең бастысы — Nana, онда ас үй мінезі, әрбір ұсақ-түйекке бөлінген көңіл және қонаққа деген шынайы қарым-қатынас сезіледі.
Good Project Family бренд-шефі, Eva Wine Cafe шеф-аспазы
Мен үшін таң — жайбарақа және тыныш уақыт, сондықтан мен таңғы асты не үйде, не Eva Wine Cafe-де ішкенді ұнатамын — онда жұмыс ырғағына бапталу оңай: дәмді және артық ештеңе жоқ. Кейде Chia-дан шакшука аламын — жарқын және жылытатын бірдеңе қалаған кезде жақсы нұсқа.
Отбасыммен бірге түскі немесе кешкі асқа көңіл-күйге қарай мейрамхана таңдаймыз. Итальяндық тағам іздеп La Bottega-ға барамыз: қаланың ортасы, жайлы және түсінікті тамақ. Шығыс дәмдерін қаласақ — Ravat-ты таңдаймыз. Кәріс тағамдарын жеу үшін Chef Bek-ке барамыз — дәмі қанық тағамдар. Шарап пен устрица қалаған кезде, Қабанбай батыр даңғылындағы Wine Cafe табылады — тымық кеш және бокалдар бойынша керемет таңдау.
La Creme Group бренд-шефі
Жақындарыммен кешкі асқа «Евразия» ауданындағы Osoba-ға жиі барамыз — онда кәуап пен хинкали жеуге болады. Стейк жегім келгенде Line Brew-ді таңдаймын. Лағман жеу үшін «Шафран», ал егер жай ғана нағыз ет жегім келсе — көтерме сауда базары жақта тексерілген орындар бар: артық ештеңе жоқ, есесіне жылдам әрі шынымен дәмді. Барлардан — Dark Side, Temple, «Гол + Пас», кейде Камила Аубакированың іс-шараларына қатысамын (The Hedonist Flat).
Qazaq Gourmet мейрамханасының бренд-шефі
Отбасыммен немесе достармен түскі не кешкі ас ішу үшін саябақтағы Mino-ға барамыз — ол жерде әрдайым жайлы әрі дәмді. La Bottega деген орын да бар: онда жай ғана уақыт өткізіп, тамақтан нағыз рахат алу үшін барамыз. Ал егер шарап кештері туралы айтар болсақ, онда Monte Bianco сияқты орындарды таңдаймын: онда өнімге, шарап пен қонаққа деген назар сезіліп тұрады — Еуропа мен оның атмосферасын сағынатындар үшін мінсіз орын.
Dark Side Bar негізін қалаушы және «Мелодии и ритмы», Fullers (Ботанический және «Зеленый квартал») жобаларының бірлескен иесі
Таңғы ас ішуге — оң жағалаудағы «Точка» және сол жағалаудағы Big Apple. «Точкада» тұрақты тағамдар, жақсы сервис және қайта оралғың келетін сүзбелі құймақтар бар. Ал Big Apple-ге жарыммен бірге бір кесе кофе мен алматылық таңғы ас ішу үшін ара-тұра барып тұрамыз — қарапайым, бірақ өте дәл үйлесім. Отбасымен және достарыммен түскі ас ішу немесе кездесу үшін Saksaul-ды таңдаймын: люля, палау, самса, салаттар және, әрине, мәнті — маған ұнайтындары. Егер азиялық тағамдар қажет болса, онда Shio немесе Luckee Yu — Шығысқа сапар жасағаннан кейін бұл орындар мен үшін таптырмас орындарға айналды. Рамен, кеспе, гёдза және вок — қайта оралып, қайта жеуге тұрарлық тағамдар.
Фото: мейрамханалардың сайттары мен әлеуметтік желілері; Yandex Maps