Астана мен Алматының үздік мейрамханалары мен барлары қалай таңдалды? Іріктеу өте байыпты өтті: бірнеше кезең, нейрожелі, Яндекс Go сервисінің 15 000 пайдаланушысы және 120 жергілікті сарапшы. Биыл үздіктер қатарына қандай жобалар енгенін осы мақалада егжей-тегжейлі баяндадық.
Good Project Family жобасы 2022 жылдан бері қонақтарына ақиқат шарап пен тағамда екенін айтып келеді — бұған келіспеу қиын. Көңілді көңіл күй үшін мұнда таңғы мәзірдегі кез келген тағамға беллини немесе спритц ұсынады. Таңғы ас бөлімі тосын ботқалардан — асқабақ қосылған полба мен пармезанды жасыл қарақұмықтан, сондай-ақ сүзбенің алуан түрінен — ірімшіктен жасалған құймақтан бастап сүзбе донатсына дейін — тұрады. Классикалық қуырылған жұмыртқа мен скрэмбл де бар. Күні бойы ұсынылатын тағамдар бөлек бөлімге шығарылған. Мұнда әр дүниеден аз-аздан жиналған: ет рагуі қосылған құймақ, пастрами сэндвичі және албыртты скрэмбл. Сондықтан Eva Wine таңғы ас біртіндеп түскі асқа, одан әрі, кім білсін, бір бокал шараппен кешкі асқа ұласатын күндерге әбден лайық.
Таңғы ас жұмыс күндері 8:00–ден 14:00–ге дейін, демалыс күндері 8:00–ден 16:00–ге дейін
Бірнеше қабаттан тұратын Bizou кеңістігінде бірден үш тұжырымдама тоғысқан: гастрономиялы дүкен, бистро және жұмыс күндері таңғы асты 14:00–ге дейін, ал демалыс күндері күні бойы ұсынатын мейрамхана. Таңғы ас мәзірінің негізін тәтті және тойымды нұсқаларға бөлінген ботқалар құрайды: соңғыларының арасында баяу бұқтырылған ет пен пашот жұмыртқа қосылған жасыл қарақұмық бар. Сондай-ақ мортаделла қосылған француз омлеті секілді жұмыртқадан жасалған тағамдар ұсынылады. Осының өзі ерте тұруға жеткілікті себеп болмаса, көкнәр, қоюлатылған сүт және жаңғақ қосылған шағын сүзбелі құймақтар көмекке келеді. Фирмалы таңғы ас та тәуліктік ырғақты дұрыс арнаға бұруға уәде береді. Ал демалыс күндері таңғы қуанышқа Krispy Kreme үлгісіндегі қытырлақ, глазурь жағылған әрі бас тарту қиын донатстары қосылады.
Таңғы ас 10:00–ден 16:00–ге дейін
Жоба екінші жыл қатарынан Ultima тізіміне еніп отыр — бұған толық негіз бар: мұндағы әр тағамның атауына дерлік «эко» сөзі қосылады, құрамындағы өнімдер өз фермасы мен алқабынан жеткізіледі, әрі бәрі міндетті түрде қолдан жасалады. Таңғы мәзірі шағын болғанымен, осал емес. Кокос сүтінен дайындалған қолдың йогурты, фермерлік страчателла қосылған омлет, қолдың шұжығы мен сүрленген сиыр еті ұсынылатын қуырылған жұмыртқа — бәрі облыстағы бір шаруашылық сіздің таңыңызға өзі жауапты болуға бел буғандай әсер қалдырады. Таңғы астан кейін сөредің алдына міндетті түрде тоқтай кеіңіз: ашытқысыз қолдың нанын, өз ірімшік цехында жасалған буррата мен рикоттаны салып, өзіңізге азық-түлік пакетін жинап алуға болады. Басқаша айтқанда, Uno-дан таңғы ас туралы естелікпен ғана шығу мүмкін емес деуге болады.
The Chef Group пен Артём Марченконың мейрамханасындағы таңғы ас үй рецептілері — пеште піскен асқабақ қосылған тары ботқасы немесе мейізді сүзбе пісірмелері — мен тартин үстіндегі жапон омлеті секілді заманауи нұсқалардың арасында тепе-теңдік сақтайды. Одан кейін мәзір қайтадан кеңес классикасына ойысады: қызыл уылдырық қосылған жұмыртқа мен самырсын жаңғағы бар сібір ботқасы әзірленеді. Осылайша әженің асүйінен гастрономиялы трендтерді қалт жібермейтін адамның қонақ бөлмесіне дейін созылған қызық бағыт шығады. Әр таңғы асқа мейрамханадан бір бокал көпіршікті шарап ұсынылады — осы екі әлемнің арасындағы шекараны біржола жою үшін. Балалармен келуге де қолайлы: мейрамхана ашылған сәттен бастап ойын бөлмесі жұмыс істейді, ал жазда верандаға балалар алаңы орнатылады.
Таңғы ас 8:00–ден 12:00–ге дейін
Таңғы ас 8:00–ден 12:00–ге дейін
Таңғы ас жұмыс күндері 9:00–ден 13:00–ге дейін, демалыс күндері 9:00–ден 14:00–ге дейін
«Точка» таңғы асын 16:00–ге дейін мақтанышпен ұсынады, мұндағы әр тағам көзге де, дәм сезу рецепторларына да бірдей жағымды. Сөзсіз бестселлер — моцарелла қосылған шакшука. Таңды тойымдырақ бастағанды ұнататындарға тауықтың сүбе еті қосылған гречотто мен албыртты қуырылған күріш ұсынылады. Қысқасы, жаңа дәм іздеген талғампаз сана ойлап табуы мүмкін үйлесімдердің бәрін мұнда сіз үшін алдын ала құрастырып қойған. Классиканы ұнататындар да таныс тағамдарды табады: кокос сүтіндегі күріш ботқасы, омлеттер, сиыр етінен жасалған шұжықтары бар үлкен тәрелкелер және авокадо мен брокколи қосылған жасыл таңғы ас. Ең бастысы — мұнда таң атпай келудің қажеті жоқ: «Точка» түске таяу оянатындарға да таңғы ас береді.
Таңғы ас 9:00–ден 16:00–ге дейін
Бұл саяжайдағы таң алғашқы әтештің шақыруынан басталмайды. Мәзірдегі «Үлкен әрі тойымды» бөлімі артық түсініктемесіз-ақ бәрін аңғарту үшін осылай аталған. Мұнда фирмалы ашытқылы нанға ысталған жая салынып жасалған ыстық сэндвич, грильдегі бифштекс, саңырауқұлақ пен нан қосылған үлкен саяжай таңғы асы, тіпті баяу бұқтырылған сиыр еті бар борщ та ұсынылады. Бұл сценарийде жеңіл-желпі асқа орын жоқ — тек байыпты ниет пен соған сай тәбет қажет. Жұмыс күндері таңғы ас түске дейін беріледі, ал демалыста 14:00–ге таяу келуге болады: мұнда ұзақ ұйықтағанды ұнататындарды ешкім сөкпейді. Ең бастысы, саяжайдың таңғы тағамдарын толыққанды түскі аспен шатастырып алмауға тырысыңыз — бірақ мәзір бұған барынша кедергі жасайды.
Тұрандағы мейрамхананың байлығы тек етпен шектелмейді: мұнда таң атқаннан бастап ас ұсынады, оның өзі жай ас емес. Мәзірде қызыл уылдырықты бутерброд, страчателла қосылған құймақ және скрэмбл мен сиыр етінен жасалған шұжықтар ұсынылатын драник секілді тойымды тағамдар бар. Таңғы асқа қалаған фрешіңізді сығып береді: апельсин, сәбіз немесе ананас шырынын таңдауға болады. Әрине, кофе дәні де назардан тыс қалмаған: капучиноға даршын қосады, ыстық шоколадты тәрелкеге құяды, ал эспрессоның хош иісі ұйқысы ашылмай отырған кез келген адамды бірден сергітеді. Қысқасы, Roastbeef балет маусымының ашылуы алдында кешкі ас ішуге ғана емес, таңғы 8:00–ден бастап таңғы асқа келуге де қолайлы. Әсіресе қарапайым таңды сәнді мейрамханаға арнайы шығатын оқиғаға айналдырғыңыз келсе.
Фото: мейрамханалардың сайттары мен әлеуметтік желілері; Yandex Maps
«На крыше» — Good Project мейрамханалар тобының бір бөлігі. Мұнда қаланың ғажап көрінісін тамашалап қана қоймай, күнді сол панораманың аясында жеңіл кіріспеден — қуырылған өрік, пісте және бал қосылған сүзбе кремінен бастауға болады. Одан кейін негізгі мәзірге назар аударған жөн: жұмыртқадан жасалған тағамдар асшаянды омлеттен бастап бақтақ қосылған шала піскен жұмыртқаға дейін түрленеді. Ботқалар бөлімінде маскарпоне мен құлпынай қосылған күріш ботқасы және карамельге бөленген нектарин мен орман жаңғағы бар тары ботқасы ұсынылады. Көрініс пен әсем тағамдардан алған әсерді богемалы мәнерде — спритц немесе беллинимен толықтыруға болады. Мұнда таң панорамадан басталып, әдемі жайылған дастарқан басындағы көз тартар тағаммен жалғасады.
Таңғы ас 10:00–ден 15:00–ге дейін
Таңғы ас 9:00–ден 12:00–ге дейін