о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
‌
МестаКуда сходить

Тук-тук: азиялық мейрамханаларға тур

Алматы — бұл ерекше сезілетін азиялық мәдениет хабы: мұндағы Шығыс одан бетер Шығыспен кездеседі, ал Қытай мен Кореядан келген туристер өздерін үйдегідей сезінеді. Қиялдағы тук-тукке мініңіз, біз қаладағы ең басты азиялық орындарға гастротур ұйымдастырамыз. Есті кетіретін том ям, қауіпті тауық еті, Жапониядан әкелінген премиум-балық — осының бәрін және басқа нәрселерді сіз үшін арнайы іздеп таптық.

11 июня 2025
‌
Саша ТимашковБренд-менеджер abr, блогер

Luckee Yu

Еш күмәнсіз — бұл аспаздар азиялық асхананы керемет түсінеді. Қалада үш мейрамханасы бар, әрқайсысы — бөлек ғалам. Бірі сізді Гонконгтың тар көшелеріне апарса, екіншісі — нағыз азиялық базардың дөп ортасына алып келеді, ал үшіншісі — футуризм мен өзіне тән ерекшелікті теңестіреді. Бізді оқып жүргендерге арналған спойлер: осы жылы Luckee Yu Астана қаласында ауқымды жоба әзірлеп жатыр.

Мәзірде Оңтүстік-Шығыс Азияның ең үздік дәмдері жиналған, ал сөзсіз озығы — қышқыл-тәтті тұздыққа салынған тауық еті. Татып көруге тұрарлық!

‌
‌
‌

Luckee Yu

Адрес: Алматы, Құрманғазы көшесі, 11
О месте

Luckee Yu

Адрес: Алматы, Самал-2 шағын ауданы, 111
О месте

Akami

Жапондық асхананы бағалай білетіндерге арналған басты фэнси-орын. Мұнда балық бірінші рейспен ұшып келеді, ал дәмінен біз шарықтап кетеміз. Оған кештерді ұзаққа созып жіберуге қауқары бар авторлық коктейльдер мен әрбір бөлшегін егжей-тегжейлі қарап отырғың келетін стильді интерьерді қосыңыз.

Үздік орын — бар алдында: мұнда балықты жапондық пышақпен ұқыптап турап жатқан шефтің өнерін тамашалауға болады. Көздің жауын алатын мұндай көріністен кейін тағы бір порция сушиге тапсырыс бергің келіп кетеді.

‌
‌
‌

Akami

Адрес: Алматы, Құрманғазы көшесі, 66
О месте

Raw

Жапониядан кетпей-ақ қаланың басты изакая-барына кіреміз. Шындап айтсақ, мұнда біз біраз кешті өткіздік және еш өкінбейміз: саке коллекциясы таң қалдырады.

Ашық асхананың айналасындағы бар орындықтары ас әзірлеу үрдісін бақылау әсте бір медитация іспеттес етеді. Интерьерде — неон, қызыл акценттер мен жапондық мәдениетке сілтемелер. Бағдарламада — суши, ролдар, және Raw мейрамханасын дәстүрлі «изакаядан» ерекшелейтін толыққанды шарап және коктейль карталары. Кешкі отырысты тунецтен жасалған тартар қосылған фирмалық нори «жұқа нандарынан» бастаған абзал.

‌
‌
‌

Raw

Адрес: Алматы, Абылай хан даңғылы, 112/116
О месте

Masisso

Достармен сауық құруға болатын біздің сүйікті кәріс мейрамханаларының бірі. Егер кәріс дорамаларын көрген болсаңыз, бұл көріністер есіңізде болар: кейіпкерлер үстел басында отырып, шошқа етін қуырып, соджа ішіп отыр. Дәл солай қалайсыз ба? Онда Masisso-ға барыңыз.

Егер өз қолыңызбен әзірлеу идеясы аса ұнамаса (дегенмен, бұл әженің асханасы емес, мейрамхана ғой), жай ғана кәріс асханасының басты хиттеріне тапсырыс бере аласыз: кимчи, кимпаб пен басқа да тағамдар. Соджа, сыра алып, бәріміз бірге Gan Bei деп айқай саламыз.

‌
‌
‌

Masisso

Адрес: Алматы, Назарбаев даңғылы, 57
О месте

Flask (Chicken Star асханасы)

Спешелти-кофе мен кәріс асханасы мінсіз дуэт болады деп кім ойлаған? Бола алады екен. Құрманғазы көшесінде Flask кофеханасы Chicken Star тамақтану орнымен біріктірілген — сол жерден байқап көреміз. Оның иесі Кореяның тумасы Чихун, ал оның Chicken Star жобасы — бірегей кәріс асханасын ұнататын қауым үшін нағыз олжа. Жоспар бойынша — ұнтақпен ұқыптап қапталған және түрлі тұздықтармен дәмделген алтын түстес сөлді тауық еті, оның ішінде «қауіпті» белгісі мен бес алау кескіні бейнеленген түрлері де бар.

Өзін-өзі таныстыратын факт: Бішкек қаласында олардың осы тауық етін алу үшін орасан кезек орнайтын бөлек мейрамханалары бар. Сондықтан біз байқап көруге толықтай кеңес береміз!

‌
‌
‌

Flask Coffee

Адрес: Алматы, Құрманғазы көшесі, 54
О месте

«Сё-Сё»

Біздің азиялық гидтегі аты шулы орындардың бірі. Жақында «Сё-Сё» жайлы «Алматылық дәмхана тарихта қалар нәрселер жасап жатыр» деп жазылған болатын, және бұл жай емес — бұл орын өзінің алкогольсіз коктейльдерінің арқасында The World’s 50 Best Bars арнайы тізімінің қатарына кірді. Бірақ, біздің әңгіме ол туралы емес.

Мұндағы бастысы — жай ғана тамақ емес, құпия гастро-клуб атмосферасы. Бұл бәрі өз орнында тұрған азиялық спикизи-дәмхана: жайлы әрі шағын. Мәзірдің жұлдызы — бүкіл ережелерге сай әзірленген фо-бо: хош иісті бульон қаныққан әрі нағыз вьетнамдық болу үшін бір тәулік бойы бұқтырылады. Орын табу оңай емес, бірақ бұл ерекшелік одан да сүйсіндіре түседі.

‌
‌
‌

Сё-сё

Адрес: Алматы, Мұқағали Мақатаев көшесі, 45/1
О месте

Sumo-san

Бұл мейрамхана — біздің тізімдегі ең ұзақ істеп келе жатқан орын: 1997 жылдан бері істеп келеді және жергілікті аңызға айналған. Жомарт орын: үлкен порциялар, қалта көтеретін бағалар мен жапондық асханаға ымырасыз махаббат. Интерьері дәстүрлі шығыс мейрамханаларының сарынында жасалған барынша өзгеше.

Sumo-san дәмді қаз-қалпында жеткізу арқылы жапондық асхананың бүкіл құпияларын сақтауға тырысады. Орынның фишкасы — қайықша түріндегі ыдыстарға салып тартылатын роллдар; біз өзара оларды «махаббат қайықтар» деп атаймыз, әйтпесе мұндай гастрономиялық құлашты сипаттап жеткізу мүмкін емес.

‌
‌
‌

Sumo-san

Адрес: Алматы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 159
О месте

«Акунин»

Сіз Акуниннің сушиге не қатысы бар деп ойлайтын шығарсыз? Біз де басында бас қатырған едік, бірақ, жұмбақтың шешімін табу үшін оларды біраз қинауға тура келді. Нәтижесінде, Борис Акунин — жапон мәдениетін тереңінен зерттеп жүрген жапонтанушы екенін анықтадық. Оған қоса, «акунин» сөзі жапон тілінен аударғанда «ғаламдық зұлым» деген мән береді екен. Ал бұл жағдайда — осы зұлым логотипте бейнеленген марғау бейнесімен таныстырылған.

Бірақ бұл жердегі басты нәрсе философия емес, дәм екен. Жарқын үйлесімдер, сөлді роллдар мен батыл шешімдер — осының бәрі «Акунин Сушиге» тән. Лайк басып, екінші сетті аламыз.

‌
‌
‌

Акунин

Адрес: Алматы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 139
О месте

Bangkok

Луганский көшесіндегі Тайланд филиалы. Күтпедіңіз бе? Біз де таң қалдық. Бұл жерді Тайландта бір жылдан астам уақыт тұрып, том-ямды үйдегі сорпадан жиі ішкен адам тексеріп шықты. Мұндағы том ям Пхукеттен жолдаған жылы сәлем сияқты, пад тай — Самуиде демалуға сенімді билет, ал манго райс стиктері шекарада көп күтпестен сүйікті макашницадан ұшып келгенге ұқсайды.

Бастысы, есте сақтаңыз: тай асханасы — Бангкоктағы қозғалыс сияқты, жарқын әрі айтып білгісіз. Егер шеткері шығып кеткіңіз келмесе, ащылықтың қандай деңгейін көтеруге дайын екеніңізді алдын ала ескертіп қойыңыз.

‌
‌
‌

Bangkok

Адрес: Алматы, Сергей Луганский көшесі, 57/6
О месте
Рыба

Поделиться

о людях и еде от
Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
ОткрытияКадрыСобытияИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
РекламаО редакцииРедакционная политика

© 2026, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru