

Коктейль барлары қаланың гастромәдениетінің даму деңгейін анықтауға арналған лакмус қағазға айналып кеткен. Моно-сусындарды ішу ұнамды болғанымен, бартендердің қиялы мен шеберлігін бағалауға мүмкіндік бермейді. Миксологияда бәрі мәнерлірек болады. Біз Алматыдағы ең көрікті орындар топтамасын жасап қойдық, ал өзіңіз баратын жер мен досыңызды жіберетін орынды өзіңіз таңдаңыз.
Алматыдағы дұрыс спикизи-форматтың үлгісі. Ықшам дизайн, маэстро Прошенков ұсынған басытқылар мен Тародан шабыт алған стандартты емес коктейль картасы. Тіс қаққан білгірлерге Spirit петербург-мәскеулік «Кабинет» барының концепциясын еске түсіреді, бірақ мұны артықшылық деп санауға болады. Саны 12-ден аспайтын отыратын орын бұл жердің даралығын атап өтеді.
Минустары: бармендерде классикалық коктейль әзірлеу кезінде қиындықтар туындауы мүмкін
Кімге жарайды: коктейль гедонистеріне
Минустар: көптеген келушілердің тым маңызды келбеттері
Базалық нұсқада — концепциясының өзегі оның негізін құрайтын джин мен коктейльдер атанған зайырлы бар, ішінде флагмандық твист French 42 бастап әйгілі «апорт» алма сұрыбы қолданылған Almatini жергілікті сусынына дейін кіреді. Таған басында тәжірибесі мол адамдар қызмет етеді, олардың көпшілігі кезінде жекелеген мекемелердің бар-менеджерлері болып істеген. Бар иелері олардың жұмыс орнын ауыстыруға қалай көндіргені белгісіз, алайда бәрі тек табысқа ғана кенелді десе болады.
Плюстері: бардың үстінде әрдайым бәрі дәмді болатын Прошенковтың Them бистросы орналасқан
Плюстері: ыңғайлы орналасқан, негізгі «жиын» орындарынан бірдей қашықтықта жатыр
Кімге жарайды: өзіне кешкілік компания іздеп жүрген жандарға
Дима Королёв — протобартендер және барлар қауымдастығының пікірі бойынша Қазақстандағы бүкіл миксологтардың бабасы, — бірде қатты ашуланып, классикалық апертивтерді кариб тұрғысынан ой елегінен өткізуге шешім қабылдаған болатын. Осылайша үлкен ром коллекциясы мен қисынды тики-коктейльдері бар Bee’s Knees дүниеге келді. Олар бәрін түзетуге бірер уақыт жұмсаса да, өз стилін тауып, қонақтардың көңілінен шыға алды. Сіздің коктейль тұтыну тәжірибеңізді әңгімелерімен толықтыруға тырысатын кішіпейіл персоналын бөлек атап өткізім келеді. Таған басында бар-менеджер Пашаны кезіктірсеңіз, жолыңыз болды деңіз: мыңдаған еліктіретін хикая мен керемет көңіл-күй қамтамасыз етіледі.
Плюстері: Паша Бондарь, толыққанды лайықты асхана, құпия бөлме (бар басында сұраңыз), винилді кештер
Кімге жарайды: жайлы отырыстарды қалайтын жандар үшін
Минустары: жақын жерде жақсы орындар жоқ, локация жаяу бар-хоппинг емес
Бардың Фурманов көшесінде орналасқанына қарамастан, «Домашний» зумерлер үшін де, бумерлер үшін де бірдей жайлы орын. Мұнда адамдардың жасы өшіріліп, алдыңғы шепке әрбір сәттен ләззат алу ниеті шығады. Интерьер атауына сай, сусындар уақытпен тексерілген, «минус вайб» таба алмайсыз. Сусындар демалыс аккомпанементі болатын тізімдегі ең жиынды бар деуге тұрарлық.
Плюстері: көрсеқызарлық жоқ
Минустары: билер әңгімелерге қарағанда көп
Кімге жарайды: бас қосу жиындарын сағынған жандарға
Минустары: өзіңіз бірге шу өлшегіш алып жүруге немесе жергілікті өлшегішке сенуге тура келеді (эмоцияларды бұл жерде тек ыммен ғана жеткізе аласыз)
Кімге жарайды: біреудің ережесі бойынша ойнауға дайын жандар үшін
Плюстері: әсем ыдыстар мен әдемі көне комод
1930-шы жылдардағы Америка сарынындағы спикизи-бар. Көмескілік және персоналдың концепцияны ұстануға деген зор ниеті. Бұрын иесі көршілес есіктің ар жағында тұратын, сондықтан персонал ішіндегі шу деңгейін азайту үшін қонақтарды тыныштандырып отыруға тырысатын. Иесі көшіп кетсе де, жаман әдет қалмапты (децибелдер заңын да ешкім алып тастаған жоқ. — Ред. еск.). Yellow Door коктейль картасын үйреншікті түрде жақында ғана жасады; әдепкі түрде сусындарды сіздің сұрауыңызға сай дербес дайындайды және сіз айтқан талғамға жиі сай болып шығады.
Винил коллекциясы бар музыкалық руфтоп-бар Олар өткен маусымның соңында ашылды және шығармашыл жастардың сүйікті орнына айналып үлгерді. Мұндағы музыкалық директор Арсен Superfly, сондықтан, музыка сіздің көңіліңізден шығады. Жылдың жылы мезгілінде керемет көрінісі бар шатырға шығатын есік ашылады. Коктейль картасы үлкен емес, алайда негізінде өзінің музыкалық сілтемелері бар.
Минустар: коктейль картасын толықтыру керек
Плюстері: музыкалық дәрістер, тамаша музыка, Anima дүкеніне көршілес орналасқан
Плюстері: бөлек сигара бөлмесі
Кімге жарайды: барға барар алдында әдемі киінуді жақсы көретін жандар үшін
French 42 командасы ұсынған Renee жаңа мейрамханасының астында жасырынған жаңа бар. Бұл жолы жария болған тақырып — итальяндық аперитивтер мен неоавангард, ал бармендердің негізгі идеясы — «бәрі түсініксіз болу керек». Gruppo 63 ұсақ-түйектердің маңыздылығы туралы ережені біледі: қолмен жазылған қабырғалар, әсем жиһаз, тартуға сай келетін ыдыс пен әйнек, аймақтары дұрыс бөлінген. Дәл осындай орындар коктейль мәдениетін енді бастап келе жатқандардың бойында талғам тәрбиелеуге қабілетті, алайда бұл орын фудилер арасында танымал бола алмайды-ау.
Минустары: «өзін көрсеткісі» келетіндер көп болады
Кімге жарайды: музыкалық эстеттерге
Плюстері: мұнда дәмді тағамдар мен сусындар бар
Ең алдымен бұл автожуу орнының артында орналасқан жасырын азиялық тамақтану орны. Бірақ оны бір кездері танымал концепциялардың бар-менеджерлері болған Даша Бежина мен Жора Кучеренко ашқан. Бұл орынның екі жылдық мерейтойын тойлағаннан кейін, олар алкогольсіз коктейльдер картасын жасады, ол карта The World’s 50 Best Bars шорт-тізіміне — барлық фуди мен индустрияда жүргендердің арасында беделге ие әлемдік рейтингке кірді.
Минустары: біршама жексұрын локация, бірақ концепт соны талап етеді
Минустары: бағасы
Плюстері: бәрі үшін қауіпсіз
Кімге жарайды: жаңа әсер іздейтін жандарға
Кімге жарайды: нәрестелердің аналары мен ішпейтін жандарға
Бурлеск, театр қойылымдары, әдеби кештер, батыл шоу-бағдарлама — осының бәрін көру үшін Rocky Horror-ға келеді. Коктейль картасындағы дәм үйлесімдері сұрақ тудырса да, асхананың таңқаларлық мәзірімен теңестіріледі. Көріністер бұл жерде наннан қымбат (алайда нанды олар өте жақсы пісіреді), бірақ, әрқайсысы қалағанын алады ғой.