о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
‌
МестаКуда сходить

Таңғы ас ішуге болатын ТОП-15 орын

10 июня 2025
‌
Дарья ЁроховаPR-технолог, блогер, ресторанный критик и вдохновитель здорового лайфстайла
‌
‌
‌

Benedict

м. Жибек Жолы • Алматы, Панфилов көшесі, 111
 5.0(943 оценки)
12 000-25 000 ₸ • Европейская, Авторская

Забронируйте онлайн

Потребуется авторизация Яндекс ID
09:00Сегодня09:30Сегодня10:00Сегодня10:30СегодняВсе слоты
‌
‌
‌

Fika

м. Алмалы • Алматы, Қабанбай батыр көшесі, 104
 4.9(681 оценка)
12 000-25 000 ₸

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

TheM Neo Bistro

м. Абая • Алматы, Абай даңғылы, 23
 5.0(126 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Европейская

Контакты

‌
‌
‌

Aurora Cafe

м. Алмалы • Алматы, Абылай хан даңғылы, 96
 4.9(356 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Авторская, Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Coffeedelia Coffee & Wine

м. Сарыарка • Алматы, Мирас шағын ауданы, 2/30
 4.9(257 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Европейская, Авторская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Aroma

м. Алмалы • Алматы, Қарасай батыр көшесі, 61
 5.0(747 оценок)
<5 000 ₸ • Ближневосточная, Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Огонёк

м. Алмалы • Алматы, Панфилов көшесі, 125
 5.0(1657 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Авторская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Хороший год

м. Абая • Алматы, Шевченко көшесі, 18
 5.0(675 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Итальянская, Европейская

Контакты

‌
‌
‌

Афиша

м. Алмалы • Алматы, Қабанбай батыр көшесі, 83
 4.9(1526 оценок)
>25 000 ₸ • Авторская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Nuala

м. Алмалы • Алматы, Бөгенбай батыр көшесі, 134
 5.0(735 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Авторская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Percorso

м. Жибек Жолы • Алматы, Гоголь көшесі, 87
 5.0(229 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Итальянская

Забронируйте онлайн

Потребуется авторизация Яндекс ID
12:00Сегодня12:30Сегодня13:00Сегодня13:30СегодняВсе слоты
‌
‌
‌

Giardino

м. Байконур • Алматы, Құрманғазы көшесі, 79
 5.0(277 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Итальянская, Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Renée Café

м. Абая • Алматы, Қаныш Сәтбаев көшесі, 3
 5.0(451 оценка)
12 000-25 000 ₸ • Французская, Европейская

Забронируйте онлайн

Потребуется авторизация Яндекс ID
09:00Сегодня09:30Сегодня10:00Сегодня10:30СегодняВсе слоты
‌
‌
‌

Astra Grand Cafe

м. Байконур • Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 140А/3
 5.0(283 оценки)
12 000-25 000 ₸ • Европейская, Французская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Rifugio del Monte

Алматы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек Хандар көшесі, 513
 5.0(319 оценок)
>25 000 ₸ • Итальянская, Европейская

Забронируйте онлайн

Потребуется авторизация Яндекс ID
11:00Сегодня11:30Сегодня12:00Сегодня12:30СегодняВсе слоты
Завтраки

Поделиться

о людях и еде от

Версия: 2.254.0

Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияРазвлеченияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
СкидкиОткрытияВакансииСобытияКадрыИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
РекламаО редакцииРедакционная политика

© 2026, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru

Алматы — таңғы асты түсте де, түскі астан кейін де, тіпті, кешкі астың орнына да ішуге болатын еш алаңсыз қала. Біз күніңізді дәмді, әдемі әрі жақсы көңіл-күймен бастауға болатын үздік мейрамханаларды жинап қойдық. Күнделікті бенедикттер мен сэндвичтерден бастап уылдырық қосылған люкс бутерброд пен қара трюфель қосылған «Пуляр» омлетіне дейін — бәрін татып шығып, сізге де кеңес береміз.

Benedict

Күннің кез келген шағында таңғы ас ішетіндерге арналған танымал қалалық дәмхана: Benedict оларды кеңсе қызметкерлері үшін таңғы 9:00–ден бастап, сағатқа қарамай жұмыс істейтін фрилансерлер үшін кешкі 22:00–ге дейін әзірлейді. Басты рөлде — бенедикт эталон жұмыртқалары; өзге хиттердің арасында — жүректе де, фотогалереяда да із қалдыратын сүзбелі құймақтар, банан мен пломбир қосылған мини-панкейктер, есті кетіретін көкнәр қосылған круассандар. Тұрақты қонақтар таңсәріде келіп, «әдеттегідей» тапсырыс береді, себебі бұл жердің тұрақтылығы доллардың бағамынан берік.

Fika

TheM

Aurora

TheM өзін необистро деп атайды, мұндағы «бистро» — күнделікті әрекеттер болса, ал «нео» — шеф-аспаз Александр Прошенковтың шығармашылық ізденістері. Осыны ескеріп, таңғы асқа таңғы стандарттан тыс шығатын бірдеңе аламыз: мысалы, жұмыртқа, ветчина мен авокадо қосылған цукиниден жасалған тоскана бәліші, скрэмбл мен асшаяндар еті қосылған грильге піскен жұқа нан, шөже еті қосылған жасыл шакшука. TheM интерьеріндегі металлик пен қызғылт акценттің стильді үйлесімі күніңізді қызықты етіп өткізуге шабыттандырады.

Трендтерді айқындайтын дәмхана: скандинавиялық үлгідегі сәнді интерьер, жаңа піскен балғын бөлкелер және үйіліп жатқан көпіршітілген майлар, таң атысымен кофеге кезек және түс кезінде ноутбуктарын ұстап отыратын шығармашылық жиын. Fika күні бойы сауық құрып отыратын жер болып ойластырылғанмен, бұл жердің таңғы астары ерекше танымалдыққа ие болған: түсінікті конструкторлар, пеште енді піскен үзім нан мен круассан қосып жасалған сэндвичтер, жұмыртқа қосылған таңғы астар, кез келген талғамға сай салауатты өмір салтының белгісі қойылған тағамдар — осында. Таңғы кезде Fika адамға лық толы болса да, көңіл сыйған жерге, бәрі де сыйып кетеді.

Coffeedelia

Калинин көшесіндегі аңызға айналған Coffeedelia 2004-2024 жылдар аралығында істеп келді — енді осы брендті сүйер қауым Мирастағы дәмханада бас қосады. Мұндағы кофе бұрыннан керемет: спешелти дәндер, серіктестік қуыру, қайнатудың түрлі тәсілдері және флэт-уайт деп дұрыс айтуды білетін даяшылар. Мәзірде — баск ірімшік көмеші, күркетауық етінен жасалған пастра қосылған бенедикт, страчателла мен асшаяндар еті қосылған омлет және апельсин мен ванильді балмұздақ қосылған креп-сюзетт сияқты заманауи опциялар бар. Залда — отбасымен түгел келетін орамдас көршілер, қолдарына ноутбук ұстаған фрилансерлер, іскерлік әңгіме құрып отырған адамдар және саябақта жүгіріп келген спортшылар.

Aroma

«Огонёк»

«Афиша»

Үнемі риза қылып отыратын орындар бар. «Огонёктың» таңғы астары достар іспеттес: әрдайым қолдауға дайын және күннің керемет өтетініне кепіл береді. Түрлі қоспалар қосып, пеште жасалған жұқа нан, тауық етінің шұжығын қосып жасалған картоп вафлясы, трюфельді моцарелла қосылған крок-месье, қарақат тосабы қосылған ірімшіктен жасалған сүзбелі құймақтар — Руслан Закировтың тағамдары әрдайым өзгеше, ал мұнда алауы да бар: көптеген тағамдар жанып тұрған оттың үстінде әзірленеді.

Таңғы асты дәмді етіп әзірлейтін орындар бар. Әдемі орындар бар. Және осының бәрі бірден болатын Aurora бар:  стиль, жайлылық пен қаладағы ең әдемі фото жасауға болатын қабырғалар — есік алдында біресе бес метрлік түймедағы өссе, біресе Кішкентай ханзада қызыл ұшақпен ұшып келеді. Aurora өз келбетін маусымға сай өзгертіп отырады, бірақ, бәрібір, асықпай отырып, таңғы ас ішетін және лентаға әсем кадрлар сыйлайтын орын болып қала береді. Бағдарламасындағы ең минимум — дзадзика тұздығы қосылған асқабақтан жасалған бельгиялық вафли, дұрыс күріш ботқасы (сіз күн сайын таңертең жеймін деп жүрген) және трендке сай сусындар.

Жоба 14 жыл істеп келеді және таңғы классикаға айналып үлгерді. Aroma — сіз өз сүзбелеріңізді біркелкі кесектерге бөліп, «Дұрыс таң осындай болу керек» деп ойлап отырған кезде, панорамалық әйнектері зуылдап жатқан қаланың көрінісін ашып, уақыт бәсеңдеп қалатын қалалық дәмхана. Прованс сарынындағы жайлы интерьер мен ыңғайлы мәзір. Батат қосылған драниктер, шакшука, қаттама жұқа нанға салынған түрікше жұмыртқа — таңғы асың досыңдай болса, ол осында болар еді.

Күйбелеңсіз және мұқият сервисі бар, отбасылық бранч үшін де, таңғы іскерлік кездесулер үшін де жарайтын әйгілі мейрамхана. Бренд-шеф Олег Петриченко азық-түліктің сапасына әрдайым көңіл бөледі және вау-табыстау мен аспаздық әсерлерді шамадан тыс қолданбайды. «Хороший год» таңғы мәзіріндегі ең қызықты тағам — кез келген талғамға сай келетін жұмыртқалар; ал бородино тосттары мен келмен балық уылдырығы қосылған coddled eggs — must-try. Ең маңызды мәні қарапайым нәрселерде болатын кез: жұмыртқаны кескен сәтте сарыуызы айналада тұрған нәрсеге мінсіз ағып шыға келеді.

«Хороший год»

Nuala

Егер мейнстрим деп елестетер болсақ, old money деп сипаттауға болатын мейрамхана. Nuala — ұстамды салтанат, қызығарлық шарапхана және гастрономияға заманауи көзқарас. Таңғы асқа жыланбалық еті қосылған жұқа нан (жылтыр карамель әйнекей жабылған нәзік сүбе көпіршікті, сәл қытырлақ жұқа нанмен кездеседі) және манго мен маскарпоне кремі қосылған құймақтарды (нәзік талғамды балалық шақ дәмі) алуға кеңес береміз. Ештеңені тұспалдамай, турасын айтсақ: Nuala-да шампан өте тартымды бағамен беріледі.

Абай атындағы Опера мен балет театрына қарама-қарсы орналасқан «Афиша» мейрамханасы — өз алдына шағын бір қойылым сияқты. Басты рөлде — бірінші қабат немесе балкондағы терезелерден сүйсініп тамашалап отыруға болатын Алматының орталығы. «Афишаға» ерекше сәнденіп барғың келеді, мұнда кездесу таңғы асын жасауға, анаңызды шақырып бір қуантуға болады. Таңғы ас мәзірі смарт-кэжуал қағидалары бойынша қиыстырылған — қарапайым, бірақ сән-салтанатқа толы. Пастра мен қуырылған жұмыртқа қосылған пиязды жұқа нан, таңқышаян тәтті наны қосылған бенедикт және ірімшік пен шие қосылған қызыл қайнақшаларға қараңыз; тақырыптық классика — «„Прима“ театрлық таңғы асы»

Демалыс күні таңды әдемі бастауға арналған идея. Percorso итальяндық демократиялық тратториялар мен таңғы ас классикасы жалықтырып жіберген жандарға арналады: таңғы асқа бұл жерде асжапырақ пен фета қосылған итальяндық күріштен жасалған ботқа, скрэмбл мен асшаян еті қосылған пешке пісірілген фокачча, күркетауық еті, жұмыртқа, сыр қосылған панцеротти мен, тіпті, таңғы паста-конструктор ойлап тапқан.  Percorso-дағы салтанатты бранч таңды әсерлі ете түсетін бірдеңеден бір бокал сұрап тұратындай — осы кезде мәзірде тұрған просекко, спритцы мен беллини ерекше мінсіз сай келеді.

Percorso

Нағыз инстаграмдық бейнеге сай француз салтанаты. Әсемдігі соншалық, кофе ішіп отырған кезде өзіңді француз киносының кейіпкеріндей сезінесің. Содан кейін терезеге қарасаң — Алматы. Renée таңғы эстетиканы бағалайтын жандарға арналған. Қайнатылған қойылтылған сүттен жасалған крем қосылған нәзік сүзбелі құймақтар, көпіршікті омлет пен мортаделла қосылған таңғы бургер және көне подносқа салып әкелетін «Renée фирмалық таңғы асы» сүйікті таңғы рәсімге айналады.

Таң атысымен bella vita қалайтындарға арналған итальяндық мейрамхана. Мұнда конструктор таңғы астар танымал. Омлетке көкөністер қосқыңыз келе ме? Қосыңыз. Авокадо ма? Әрине болады. Мортаделла қосамыз ба? Синьор, бәрін жасап береміз. Оған қоса қызықты дайын шешімдер де бар: фетадан жасалған мусс қосылған жасыл қарақұмық, авокадо-тост, рикотта мен асжапырақ қосылған флорентиялық құймақтар, манго қосылған нәзік рикоттник. Интерьерінің даңғазалығына қарамастан, Giardino-дағы атмосфера байырғы тратториядағы сияқты — таңғы кофе сергітеді, даяшылар әзілдейді, ал тағам жан-дүниеңді елжіретеді.

Ішіндегісінің бәрі сіз байқамай Фицджеральд кейіпкерінің сәулетті жекежайындағы таңғы асқа келіп қалғандай әсер қалдыратын гранд-дәмхана. Қымбат интерьер, фарфор, керемет орналасқан ас жабдықтары және блэк-тай стилімен киінген даяшылар — бәрі осында. Astra-да кофе ішуге, қызыл уылдырық қосылған қымбат (8700 теңге) бутерброд немесе эталонды круассан жеп, алда әлі кеңседе күні бойы отыру керек болса да, өзіңізді ақсүйек ханым сезіне аласыз. Гедонистер мен «салтанатты өмірді» тура түсінетіндерге арналған кездесу орны.

Giardino

Renée Café

Rifugio del Monte

Astra Grand Cafe

Біздің ТОП-15 тізімді Shymbulak тау курортында орналасқан еуропалық асхана мейрамханасы аяқтайды. Жобаның негізгі идеясы — Алматыға жақын жерде альпілік көріктілікті жайнату. Қолдан келді десе де болады. Террасаға жайғасып, ақ саңырауқұлақ пен қара трюфель қосылған үлпілдеген «Пуляр» омлетіне немесе «Rifugio таңғы асы» люкс-жиынтығына тапсырыс берсеңіз — бәрін түсінесіз.