
Қыздардың кешкі асы немесе бранч — бұл жай ғана «отырып, әңгімелесу» емес, бүтіндей бір рәсім. Әдеми ханымдарға тиісті антураж, дәмді тамақ, жайлы атмосфера және кездесудің ең нәзік баптаулары керек. Дегенмен ой-талқыға жаңа көйлектер, косметология ғажайыптары, шарлотка рецептері, өмірдің, ғаламның және осындай нәрселердің ең маңызды мәселелері түседі.
Джапанди стиліндегі баурап алатын интерьер, капучино көбігінің монохром түсі, мәнерлі фактуралар — бұл бистро-кофехана қыздардың кездесулерінің сұлулық байқауына қатысып жүр десе де болады. Penka-дағы ықтимал сюжеттердің саны кем дегенде үшеу: ұзақ таңғы ас, жеңіл жерортатеңіздік түскі ас, аперитивке кофе (эстетикалық кеселерге құйылған) және дижестивке авторлық коктейльдер.
● Күні бойы тартылатын таңғы астар.
● Микстері бар коктейль орталары 1990 теңгеден.
Біркелкі сызықтар, аркалар, әйгілі баспалдақ, қасбеттің тақырыптық әрлемесі — бұл орынның әр бұрышын суретке түсіріп алғың келеді. Aurora — күнделікті өмірдегі эстетиканы жоғары бағалайтын жандарға арналған қалалық дәмхана: мұнда күрделі ештеңе жоқ, бірақ бәрі сән-салтанатқа толы, ДНК-дағы шексіз көктем. Асханасы дәмді ғана емес, қамқорлықпен жасалады: фермерлік өнімдер, химия мен трансмайлар жоқ, салауатты өмір салтына сай тәттілер. Түтін иісі бар бабангуштан бастап көмештелген сәбіз қосылған үйрек сирағы мен сицилиялық апельсиндерден жасалған тұздыққа дейін — әрбір тағам ұзағынан қалуға шақыру іспеттес.
● Заманауи таңғы астар.
● Минималистік интерьер және нәзік табиғи жарық селфи жасауға арналған.
● Қант, глютен мен лактозасы жоқ ДТ-десерттер.
● Екінші қабатта қыздардың шағын жиынына арналған оқшауланған зал бар.
Чемодандар, тіркелу және СМС-терсіз богемалық француз бистросы. Benoit мейрамханасы L’art de vivre (француз тілінен аударғанда «өмір сүру өнері») белсенді дамытуда және гедонистік дағдыларымен ерекшеленеді: мұнда шампанмен таңғы ас ішеді, риеталар, бургиньондар мен трюфельді балмұздақ қосылған фри картобын жейді, жақсы шарапқа дәмсарап жасайды. Мейрамхана Alma Wine импорттаушы холдингінің күшімен ашылғандықтан, мұнда таңдаулы шөлмектер мен қолжетімді бағалардың болатыны сөзсіз. «Жертөледе» 170-тен астам шарап жиналған, 25-ке жуығына бокалға құйып тапсырыс беруге болады, сирек және ерекше түрлерін коравин (шөлмекті ашпастан бокалға құйып алуға мүмкіндік беретін жүйе. — Ред. еск.) арқылы құйып тартуға әзір — Benoit мейрамханасында өткізетін кеш маужыратуға дайын.
● Босаңсыған гедонизм атмосферасы.
● Әдемі таңғы астар.
● Шымырлы шарап құйылатын французша таңғы астар.
Жан-дүниеңізде өмір сүріп жатқан париж аруларын қыдыртып қайтатын тағы бір орын. Ақ дастархандар, кереге көз креслолар, қабырғалар мен төбедегі жүректі елжірететін паттерндер, екпінді картиналар — бәрі француз романтикасының ерекше атмосферасын құрайды. Мәзірде — Жерорта теңізіне саяхат: паста, пицца, авторлық салаттар, жалықтырмайтын көкөністер; бірақ бұл жердің басты жұлдызы — люкс сөмкелер мен әтір құтылары түрінде жасалған десерттер.
● Әркімнің көңілінен шығатын Gien ыдыстары.
● Жеуге де қимайтын (бірақ жеп көруге тұрарлық) авторлық десерттер.
● Фэнси-бранчи.
Егер Nuala адам болса, ол мінсіз қиыстырылған костюмдер киіп, баяу, бірақ іске қатысты сөйлеп, шараптың қыр-сырын білетін адам болар еді. Бұл мейрамханада стиль жар салмайды, жай ғана бар — интерьердегі әрбір элементтегі, ыдыс жабдықтаудағы, даяшылардың шарапты салтанатты түрде құйып беру тәсіліндегі стиль ерекше байқалады. Құрбыларыңызбен ұстамды сән-салтанат атмосферасында кездескіңіз келсе, түсінікті, бірақ стандартты емес мәзір іздеп жүрсеңіз және просекконы шампаннан ажырата алсаңыз, осында келіңіз.
● Әрбір қонаққа комплимент ретінде сүйкімді балмұздақ қауызы таратылады.
● Бай шарапхана және шампанға үздік бағалар.
● Бағалай білетін жандарға арналған көрнекті шараптары бар Limited Cru Collection.
● Кофе инновациялық, қымбат әрі жай ғана стильді Kees Van Der Westen кофемашинасы қайнатады.
Renée Café келбеті егжей-тегжейлі ойластырылған: жарық өнері, біркелкі сызықтар, винтаж ыдыс-аяқ, Қазақстанның Қызыл кітабындағы жануарлар мен өсімдіктердің бейнелері салынған төбедегі суреттер — әдемілігі соншалық, тіпті осы бір сәтке ұзағынан тамсану үшін круассанды да асықпай жегің келеді. Renée — бұл ұзақ бранчтар мен салтанатты кештерге арналған орын. Пісірмелер орналасқан этажерка, десерттер витринасы, фирмалық таңғы астар, трюфель пасталар мен фри картобы да бар — мұндағының бәрі #суреткетүспесежемегенсің деген хештегті сапалы жаңа деңгейге шығаратындай кейіпке ие.
● Десерттер үшін Екатерина Семёнова жауап береді (оның түйіндемесінде бәрінен басқа Laduree белгісі бар).
● Көзіңізге түскен ең эстетикалық ыдыс-аяқ еуропаның ұсақ-түйек базарларынан жиналған.
● Комплимент ретінде ұсынылатын май қосылған чиабатта — жай ғана нан кесегі емес, құрмет пен жақсы мәнердің белгісі. Қарапайым сияқты, бірақ сирек кездеседі.
Ықшамды сұр түстес интерьерге әсерлі қызғылт бөлшектердің молынан кірістірілгені соншалық, TheM құрбылардың to go тізіміне түспей қалуы мүмкін емес. Сіздердің кездесулеріңіз үшін шеф Александр Прошенковтың мәзірінде қызықты бағдарлама жазылған: өзекті таңғы астар, авторлық мәнерге ие комфортфуд, шараппен татып көретін қызықты апетайзерлер. TheM-де органика мен биодинамикаға ерекше екпін қойылған, бұл сәнқойларды Try them бөлімінен іздеңіз.
● Необистро форматы қарапайым, бірақ бірегей дәмдерге кепілдік береді.
● Жертөлесінде Spirit құпия коктейль бары жасырынған.
Құрбыларыңызбен бірге әдемі киімдеріңізді қыдыртып, осы өмірді әсемдікпен тойлатқыңыз келген жағдайда баратын гранд-дәмхана. Шай ішкіңіз келсе — португалдық Vista Alegre «патша фабрикасында» шығарылған сәнді сервиз бен тәттілер салынған күміс этажеркамен бүтіндей бір рәсім болады; шарап ішкіңіз келсе — блэк-тай таққан даяшылар бес жұлдызды вайб сыйлайды: жоғарғы жерортатеңіздік дәрежелі кешкі ас басында ішсеңіз болады. Astra — бұл әдемі өмірді дәлме-дәл түсінетін орын.
● «Менің лордым қайда» деген деңгейдегі қымбат ыдыс-аяқ пен ыдыс жабдықтау.
● Супержұлдыз-наубайшы Максим Бабич ұсынған пісірме тағамдар.
● Жертөледе — Agora зайырлы коктейль-бары бар.