Қазақ асханасы — бұл (құр) ет пен қымыз ғана емес,
бұл сізге үйден мыңдаған шақырым жерде жүрсеңіз де, туған өлкенің сарынын
сездіретін дәм мен хош иістердің керемет әлемі. Әжемнің жомарт қолдары,
даладағы шүйгіннің иісі, еркелетіп айтылған «айналайын» мен ыстық бауырсаққа
толған ауа. Гастрономиялық саяхатқа дайындалыңыз, мұндағы әрбір тағам —
ұрпақтан ұрпаққа сабақтасып келе жатқан тарих. Біз сіз үшін Астанада жай ғана
дәмді тамақтанып қоймай, қазақ асханасының осындай қарапайым әрі бай әлеміне
үңілуге мүмкіндік беретін мейрамханалар топтамасын жинап қойдық. Иілгіш
белдікті тағып алып, есіңізде болсын: «сыйлап берген су да тәтті».
Qazaq Gourmet
Біздің топтамада орындар мен дәрежелер болмаса да,
алдымен жоғары қазақ асханасының мейрамханасы Qazaq Gourmet-ті атап өткіміз
келеді. Оның идеологы және бренд-шеф Артём Канцев бүкіл дерлік Қазақстанды
аралап шығып, ұлттық асхана мәзірлерін түйіршіктеп жинап, кейін «жаңа қазақ
асханасы» деген атпен қызықты саяхат әлеміне жолбасшы атанды. Оның
түсінігіндегі гастрономиялық дәстүрлер жаңа бояуларға кенеліп, қызықты
техникалары және ерекше үйлесімдерімен таң қалдырады: мысал ретінде
саңырауқұлақтан жасалған мусс, страчателла мен бекіренің уылдырығы қосылған
аэробауырсақтарды байқап көріңіз. Қазақ гастрономиясының бірегей көрінісі және
байырғы мәзірлердің гурмэ-түсініктемесі үшін Qazaq Gourmet мейрамханасы әлемдік
ТОП 50 Best Discovery қатарына кірген тұңғыш қазақстандық мейрамхана атанды.
Гурмандардың есіне: мейрамханада «тамақ өнер ретінде» деген сарындағы
концептуалдық кешкі астар жиі өтіп тұрады.
Редакцияның таңдауы:
●
Алша әйнекейіне салынған бауырдан жасалған пате мен
асықтар Ауладағы барлық балалар ойнаған балалық шақтағы дәл сол сүйектермен
жасалған таңғажайып шытырмандар. Мұнда олар жарқын лағыл түстес және бауырдан
жасалған нәзік патемен бірге тартылады.
●
Ұлы даланың төрт жағының дәмдері бар шымкенттік
қозы еті. Әрқайсысы еттің дәмін өзінше толықтыратын тұздықтарға салынған нәзік
сүбе.
●
Асқабақ пен ауылдық ірімшікке салынған қаттама тоқаш —
өте дәмді.
Daididau
Димаш Құдайберген, көкөністерге салынған қойдың
сирақтары және музыкалық аспаптар көрмесі — бір қарағанда біртүрлі сөздер
жиынтығын не біріктіреді? Бәрі оп-оңай: Daididau мейрамханасынан үстел
брондаймыз, дудук, кырыымпа мен жетігенді тамашалаймыз, кешкі ас іше отырып,
жанды музыкадан ләззат аламыз, жоғарыда аталған сирақтарға тапсырыс беріп, егер
жолыңыз болса, сол жерде атақты қазақстандық жұлдызбен кездесеміз. Тсс, бұл
мейрамхананың иелері — Димаштың жанұясы. Сізді вау-әсерден айырмас үшін ең
ерекше Daididau тағамдарын айтпаймыз, бірақ өзімізге ұнаған тағамдармен
бөлісеміз.
Редакцияның таңдауы:
●
6 бағыттан құралған гастросет, оған арқардың жүрегі,
дала өсімдіктерінен жасалған тартар және көмірмен әшекейленген бұғы еті сияқты
олжалар кіреді.
●
«Құстар дуэті» — әсерлі алхоры көбігіне салынған үй
үйрегі мен конфи шөжесінің етінен жасалған орама.
●
«Самалтау» — жасыл спагетти және түйе сүтінен жасалған
мусс қосылған қойдың тілі.
Tez Besh
Команда басты қазақ тағамы — етті (халық арасында
«бешбармақ») ол мейнстримге айналғанға дейін басты тағам ретінде таңдап алды.
Ал осының алдында олар нақты Солтүстік Қазақстанның гастрономиялық дәстүрлерін
дамыту мақсатында дербес сүр ет (қақтап-сүрленген ет) өндірісін іске қосқан
болатын. Етті мұнда тек сүр ет негізінде әзірлейді, сондықтан түтін дәміне
қаныққан сорпа мен еттің күңгірт түсіне таң қалмаймыз. Дәмхананың ішінде
плитаның үстінде қазақша «чурчхела» ілініп тұр, жанында аспаз кішкентай бауырсақтар
пісіріп жатыр, витринада сан түрлі ет деликатестері мұқият орналасқан — сіз қай
жерден тамақ ішемін деп әлі ойланып отырсыз ба?
Редакцияның таңдауы:
●
Сүр ет, пісірілген картоп пен тұздық қосылған фирмалық
беш. Оған міндетті түрде бауырсақ пен құрт қоса жүретін хош иісті сорпа аламыз.
●
Күннің ыстығында қазақша көк сорпаны сұратамыз — бала
кезден таныс дәл сол ингредиенттер жиынтығы + тағамға ерекше дәм беретін жылқы
еті мен сүр ет.
●
Қазы, шұжық, төс еті, туралған брискет — үйге алып
кетсеңіз де, шетелдік туристерге сыйласаңыз да болады.
Bauyrdaq
Бауырсақтың бойынан турап, ішіне ет салу — бұл база.
Бауырсақты кесіп, ішіне салат жапырағы, қызанақ пен ет салса — бұл бауырдақ.
Ауылдағы сүйікті әжеңіздің қарапайым тамағының дәмін баршаға қолжетімді еткен
өзгеше қазақстандық фастфуд көптеген астаналықтардың жүрегі мен асқазанын
жаулап алды. Оған этностильдегі сүйкімді интерьерді қосып, бір шөкім қазақша
әуендермен дәмдесек — сіздің мінсіз лонч-бауырдағыңыз дайын болып қалады.
Редакцияның таңдауы:
●
Егер «бауыр» деген сөзді естігенде, сілекей шұбырса, еш
тайсалмай #1 комбоны алыңыз. Оның құрамында қойдың бауыр еті салынған бауырдақ,
фри картобы, тұздалған қияр, ащы бұрыш, тұздық пен бір кесе ыстық сорпа бар.
●
Наурыз айындағы мерекелік дастарханның басты әшекейі —
наурыз көжені — бұл жерде жылдың кез келген мезгілінде алдыруға болады. Осы
нон-стоп мүмкіндікті пайдаланамыз.
●
Десертке ақ және қоңыр шоколад тұздығына салынған
қызғылт бауырсақтарды алып, өзімізді еркелетсек болады.
Sandyq
Өзіне тән қазақ асханасының мәнері бар Sandyq
премиум-мейрамханасы кірген бойда ұлылығы және бай жабдығымен таң қалдырады.
Соңында қазақ асханасының залы күтіп тұратын лакшери-мұражайда өтіп жатқан
қазақ мәдениетінің көрмесіне келгендей сезінесің. Даяшының (гид десеңіз де
болады) қазақ тіліндегі қысқаша сипаттауымен сүйемелдеп, тағам тарту әсерді
күшейте түседі. Бұл мейрамханада Отанға деген сүйіспеншілігіңіз міндетті түрде
арта түседі. Алайда Sandyq-тағы сервис бізге айнымалы әсермен ұнады: даяшы
біресе үстел басынан кетпейді, біресе өзін «Қайдасың айналайын?» деген мылқау
сұрақпен іздеуге мәжбүр етеді.
Редакцияның таңдауы:
●
«Қымыз қабырға» — тарыдан жасалған өзгеше гарнирмен
ұсынылатын қымызға салынған қойдың қызарған қабырғалары.
●
«Құйрық бауыр» — мейрамхана мәзірінен сирек көретін
тағам: бұл авторлық нақышпен тарту етілетін құйрық май қосылған бауыр еті.
Кешкі асқа құдаларды (басқаларды да) шақырған кезде тапсырыс беруге кеңес
береміз.
●
Бәлкім, керемет бір күні сіз «қойдың миын жеп көрсем
бола ма екен?» деген оймен оянарсыз. Сонда Sandyq-тағы «Ми палау» есіңізде
болсын.
●
«Сүмесүт» — жидек тұздығы қосылған дәстүрлі сүт десерті
кешкілік отырысты керемет аяқтауға көмектеседі.
Black Besh
Мейрамхана атауының өзі сізге қызық болып көрінгеніне
бәс тігеміз бе? Акула еті қосылған ет, бекіре еті қосылған ет, әсіп шұжық
қосылған ет, қамырына ою салынған ет — дәм мен әсерлі тарту ету сайысында
астаналық мейрамханалар қазақтың бас тағамын сан түрлі етіп әзірлеген еді. Ал
қара түсті қамырмен тартылатын етті біз алғаш көріп, татып көрдік. Айтарымыз:
біртүрлі, өзгеше, әсерлі, дәмді. Қамырдың түсі дәміне еш әсер етпеген, есесіне
жылқы еті, картоп пен тұздықты ерекше қоюландырған. Сан түрлі мәзірімен қатар,
Black Besh заманауи интерьер, Бәйтерекке бет алған керемет панорамалық
көрінісі, ауқымды шарапханасы және, әрине, қонақжай сервисімен мақтана алады.
Редакцияның таңдауы:
●
Сүрленген қаймақ пен уылдырық қосылған бауырсақтар.
Сөзсіз дәмді.
●
Көкөністер қосылған бекіре еті. Көп жерде әзірлей
бермейтін патша балығы біздің must-try-тізімге оңай кірді.
●
Қозы еті қосылған мини-чебуректер. Мұндағы аспаздар
чебуректердің керемет рецептісін тауып алған: қамырдың қытырлауы, еттің сөлі,
теңгерілген тұздық — бәрі орнында.
Saksaul
Бұл шығыс мейрамханасы сегіз жылдан бері астаналық
тұрғындар мен қонақтарды сапалы шығыс асханасымен және, әрине, сексеуіл
жағылған мангалда әзірленбесе де, дәмі ауыздан кетпейтін кәуаптарымен қуантып
келеді. Мейрамхана сол жақ жағалаудың ортасында, танымал «Керуен» СО және
Бәйтеректен алыс емес жерде орналасқан, ол тандырда піскен қой етін жегеннен
кейін, сәл қыдырып, іш басып қайтуға керемет мүмкіндік береді. Шығыс
нақышындағы жеңіл декор әрлемелері бар заманауи интерьер. Қазақ бұрышы қатты
қуантты — шаңырақ, сандықтар, көрпелер мен ашық түсті кілемдері бар қолдан
жасалған киіз үйде қолыңа домбыра ұстап, естелік фотосурет жасап алуға болады.
Керемет!
Редакцияның таңдауы:
●
«Көшпенділердің таңғы асы». Пісірілген қазы мен жылқы
еті, ыстық бауырсақтар, бір кесе сорпа, сүзбе және қазақша күшті шай — қазақ
чемпионының таңғы асы.
●
Сірне — кілегейге салып алдын ала маринадталған
бұқтырылған нәзік қозы еті мен пісірілген картоп.
●
«Көктал нақышындағы көксерке» — сәл сүрленген және
көкөністермен қызғылт қабыршағына дейін көмештелген жергілікті балық.
●
«Сақтардың алтыны» — мейрамхананың фирмалық рецепті:
кориандр карамелі мен женттен жасалған крамблмен әшекейленген ірімшік қосылған
чизкейк.