о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
‌
МестаКуда сходить

Кездесуге баратын жерлер

15 мая 2025
‌
Анна КострюковаPR-директор Doing Great Agency & CEO Doing Great Central Asia, ex. ABR
‌
‌
‌

Афиша

м. Алмалы • Алматы, Қабанбай батыр көшесі, 83
 4.9(1526 оценок)
>25 000 ₸ • Авторская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Сунгар

Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 128В
 4.9(76 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Авторская, Казахская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Fika

м. Алмалы • Алматы, Қабанбай батыр көшесі, 104
 4.9(681 оценка)
12 000-25 000 ₸

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Astra Grand Cafe

м. Байконур • Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 140А/3
 5.0(283 оценки)
12 000-25 000 ₸ • Европейская, Французская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Rifugio del Monte

Алматы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек Хандар көшесі, 513
 5.0(319 оценок)
>25 000 ₸ • Итальянская, Европейская

Забронируйте онлайн

Потребуется авторизация Яндекс ID
11:00Сегодня11:30Сегодня12:00Сегодня12:30СегодняВсе слоты
‌
‌
‌

Agora Wine & Deli

м. Алмалы • Алматы, Назарбаев даңғылы, 139
 5.0(195 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Monte Bianco

м. Алмалы • Алматы, Абылай хан даңғылы, 127
 5.0(114 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Сё-сё

м. Райымбек батыра • Алматы, Мұқағали Мақатаев көшесі, 45/1
 5.0(339 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Паназиатская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Abi tamasha et

м. Байконур • Алматы, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 141
 5.0(328 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Турецкая

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Masisso

м. Жибек Жолы • Алматы, Назарбаев даңғылы, 57
 5.0(806 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Корейская, Азиатская

Контакты

‌
‌
‌

Aurora Cafe

м. Алмалы • Алматы, Абылай хан даңғылы, 96
 4.9(356 оценок)
5 000-12 000 ₸ • Авторская, Европейская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

Светлое будущее

м. Алмалы • Алматы, Төле би көшесі, 72
 5.0(711 оценок)
<5 000 ₸

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌

La Croûte

м. Сарыарка • Алматы, Асанбай Асқаров көшесі, 55к2
 5.0(145 оценок)
<5 000 ₸

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌
Красивые места

Поделиться

о людях и еде от

Версия: 2.254.0

Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияРазвлеченияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
СкидкиОткрытияВакансииСобытияКадрыИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
РекламаО редакцииРедакционная политика

© 2026, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru

Қаншалықты әр түрлі болсақ та, маңыздысы — бірге болу емес пе? Ал кездесулерді оқулыққа сай етіп жасау міндет емес. Богемалық, трендке сай, шың басында, бас жазуға және басқа да кездесу идеяларына шолу жасап шықтық.

Классикалық кездесу: Афиша

1057 метр биіктікте орналасқан шыны текшеде кештің ерекше болатыны күмәнсыз. Әсерге толы кешкі ас, әсем безендірілген тағамдар, қайда қарасың да — Алматы, таулар, қызара батқан күн. «Шаңғы трамплинінің шыңында кездесу» дегеннің өзі қалай естіледі!

Бұл — алтын квадрат бойымен жасалған серуенді опера мен балет театрына тамсана отырып, кешкі аспен тәмамдайтын алматылық кездесу. Бұрынғы билет кассасы болған «Афиша» қазір — атауында тарих сарыны бар, ішінде ескі театр плакаттары ілінген, ақ дастарқандар, заманауи қазақстандық суретшілердің картиналары, таңдаулы мәзірі бар мұралы орын. Сүйікті қара көйлегіңізді киюге керемет себеп!

Сәнді кездесу: Fika

Fika мейрамханасы тәуліктің кез келген сәтінде еуропалық лофт нақышын еске салады: стильді интерьер, иісі мұрныңды жаратын нан өнімдері бар сөрелер, өнер туралы кітаптар. Кездесу рецептісі оп-оңай — молынан май жағылған нан, арнайы авторлық тағам және көпшілікке танымал бір бөтелке шарап. Кейін ноутбукті қолға алып, бірлесіп бір креативті жоба ойлап табыңыз. Бірақ кім білсін…

«Қымбаттым, Альпіге кеттік!» дегенді естігенде қуанбайтын жан жоқ шығар. Өзіміздің алматылық Альпіміз болса да. Rifugio del Monte «таудағы там» деп аударылады. Солтүстік Италияға тән эстетиканы жеткізе білген бұл мейрамхана «Шымбұлақ» станциясынан сәл алшақта — жанталасып шаңғы теуіп жүрген жұрт арғы жақта қалып, тым-тырыс тыныштық басталатын жерде орналасқан. Террасадан көрінетін таулы пейзажда туристер түгілі, бір жан жоқ, ал сыр қосылған фондю, устрица, паста және шампан дастарқаныңызға сән береді.

Альпілік кездесу: Rifugio del Monte

Панорамалық кездесу: Sunqar bar & restaurant

Шарапты кездесу: Agora

Гранд-кафе форматы көңіліңе бірден шаттық пен тебіреніске толы шымырлаған мерекелік сарын сыйлайды. Маңызды іс-шараны дүркіретіп думандататын жер. Богемалық интерьерден бөлек, Astra мейрамханасының атап өтуге тұрарлық басқа да артықшылықтары бар: Петербургтің танымал наубайшысы Максим Бабичтің жетекшілігімен әзірленген балғын пісірмелер, мәскеулік шеф Георгий Троянның фэнси-асханасы, Көкшіл Жағалау бойымен жүріп өткен саяхатшының жазбаларына ұқсатып жасалған коктейль картасы. Ал төменгі қабатқа түссеңіз, Agora ұжымының коктейль барында «Ұлы Гетсбидегідей» түні бойы көңіл көтере аласыз.

Wine Spectator «екі бокалын» иеленген шарапхана-бар — шарап сүйгіш екі эстет үшін таптырмас орын. Шарапты күштілігі, жеміс немесе емен дәмінің қанықтығына қарап таңдау міндет емес; зодиак белгісіне немесе танысу оқиғасына сай бөтелкені таңдап беруді сұрасаңыз болады — ондағы білгір сомельелер кімнің болса да көңілінен шығады.

Шевченко көшесінде орналасқан Monte Bianco шарап дүкенінде кешкі ас ішетін кішігірім зал мен жап-жақсы итальян мәзірінің бары көпшілікке беймәлім. Ал сіз енді білесіз. Үйдегідей атмосфера, қызмет деңгейі керемет: пастаның бір порциясы екі адамға жетеді, шараптардың дәмі де, бағасы да көңілге қонымды, ал десертке еуропалық ірімшіктер мен шұжықтарды көз алдыңызда турап, үйіп-төгіп береді.

Богемалық кездесу: Astra

Кездесуді қалай ерекше етуге болады? Мысалы, картопсыз және тұздықсыз дөнермен! Аң-таңсыз ба? Ал қасына тағы ешкі сүтінде маринадталған сиыр еті (тауық емес) мен үй айранын қоссаңыз — сүйіктіңіздің жүрегін жаулап алдым дей беріңіз.

Боямасыз кездесу: Abi Tamasha Et дөнерханасы

Көк базардан төменірек жердегі автожууда орналасқан, екінің бірі біле бермейтін құпия орын азиялық афтепати атмосферасына бөлейді. Түрлі тағамдарды алып, бір-біріңіздікін көрсеңіз болады: фо-бо мен рамённың үлкен порциялары қарынды да, көңілді де тойдырады. Тағы бір қуантатын жаңалық: «Сёсёнің» алкогольсіз коктейль картасы The World’s 50 Best Bars тізіміне енді. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай — сыйақының шорт-тізіміне алғаш рет алкогольсіз мәзір қосылды.

Бірге тамақ дайындау қос ғашықтың арасын жақындатып, махаббатын нығайта түседі. Кореядағыдай мейрамханада өз қолымен тамақ дайындау форматы Massiso мейрамханасында да қолданылады: онда арнайы жабдықталған BBQ үстелі бар, барлық қажетті ингредиенттер мен нұсқаулықтарды өздері береді. Салат жапырағынан ет пен топпинг салынған орама жасап көруге кеңес береміз.

Бас жазуға кездесу: Сёсё

Оңаша кездесу: Monte Bianco

Таңғы ас кезінде кездесу: Aurora

Тамақты өз қолыңызбен дайындайтын кездесу: Masisso

Наубайханада кездесу: La Croute

Кездесу тек кешке болады деп кім айтты? Таңертеңгі күн шуақта сүйіктіңізбен дастарқан басында кездесуден басталған жұмыс күнінің сәтті өтетініне күмән жоқ. Ағылшын таңғы асы, крок-мадам, сүзбелі құймақ, круассан — «Аврора» мейрамханасының екінші қабатында ғашығыңызбен дәмді таң рақатына бөленіңіз.

Кеңес дәуірінің лебі бар кездесу: «Светлое будущее»

Syn32 мейрамханасының шефі Абдулла Амин айтқандай — тау басында жұмыс істеу оңай емес. Дегенмен таудың таза ауасында ас жеңіл сіңеді. Ал әбден шаңғы теуіп болып, тәбетің ашылғанда тамақтанғанға не жетсін! Орталық Азия бойынша ең биік таулы жердегі бұл мейрамханада нағыз après ski атмосферасын тамашалай аласыз. Сүйіктіңізбен бірге фирмалық қазақтори кәуаптары мен бургерлерден дәм татып, ұлы тау басында ұлы махаббат үшін коктейльден алыңыз.

Тау басындағы кездесу: Syn32

Желілерде таралып кеткен мемдегідей: қыздар — кілегей қосылған құлпынай жегім келеді десе, әйелдер маған еті мол чебурек, шие салынған арақ әкел де, жастық шағымыздағы әнді қой дер еді. Егер ер жетіп, бой жетіп, өзінің керемет өмірін қарапайым жолмен құрып жатқандардың қатарынан болсаңыздар, бұл жерде болашағыңыз жарқын болатыны сөзсіз.

Париждегілерден кем түспейтін кондитерлік наубайхана! Дәстүрлі француз рецептері бойынша әзірленген ыстық пісірмелер, тойымды әрі тәтті тоқаштар — нағыз глютен әлемі. Әр тағам түрінен аз-аздан алып көріп, ұнайтынын бірге табыңыз (міндетті түрде демибагеттер мен круассандарды көріңіз). La Croute іші тар десеңіз, өзіңізбен алып кетіп, Президент саябағында жайлы пикник жасасаңыз болады.