«Дареджани» Mega Silk Way-де өзінің әсемдігімен, ұлылығымен және қарбалас сауда орталығының ортасындағы оқшаулық сезімімен таңдандырады. Күмбезді төбелер, қабырғалардағы зодиак фрескалар, май шамдарының жылы жарығының имитациясы — мейрамхананың мұндай келбеті көне монастырь жанындағы заманауи тавернаға әлде дарынды итальян шеберлері безендірген грузин ғибадатханасына әкетеді.
«Дареджани» — алматылық abr холдингісінің желілік жобасы (Del Papa және Cafeteria да кіреді), бірақ «Мегадағы» филиал ең көрнекті болып саналады (ресторатор Аскар Байтасов оны әлемде өзі көрген ең әдемі грузин жобасы деп атайды). Дәстүр, дәмдеуіштер, шарап Сакартвелодан келсе, ыдыс-аяқ және ұсыну мәнері — жаңа эстетиканың нышаны. Мәзірде түрлі пішінді хачапури, шкмерули жеке тағам ретінде де, хинкалидің салмасы ретінде ұсынылады, шынайы және шағын хинкали, чахохбили, чихиртма да бар. Мәзірде тосынсый жоқ емес: таңғы асқа митболдан, пхалиден, аджапсандалиден және пашоттан гастро-композиция болуы мүмкін; долмаға ысталған йогурт қосылады, ал бисквиттен, ақ шоколадтан және желеден жасалған десерт шынайы анар түрінде ұсынылады. Бар картасында айрықша дистилляттарға көңіл бөлген: жүзім чачасы, алмұрт, мүкжидек және грейпфрут тұнбалары бар; ал шарап картасында грузин сорттары мен бренділеріне назар аударылған.
«Наши дачи» ұжымы ұсынатын екі қабатты Marani, The Kitchen және Saksaul — дәстүр мен креатив арасындағы диалог. Мәзірдегі атаулар таныс болғанымен, айрықша сюжетке ие: мұнда пхали пеште пісірілген асқабақ пен мүкжидектен дайындалса, сациви асшаян мен аджика майымен, хачапури саңырауқұлақ жюльені мен трюфельмен жасалады. Ал ірімшік соусындағы балапаннан жасалған мини-хинкали — арнайы келуге лайық жергілікті хит.
Тіпті Marani десерттерінің де өз философиясы бар (дайын өнімдер сөресі жоқ, бәрі тек тапсырыспен беріледі): үгілмелі қамырдан көкжидек пен балмұздақ қосылған хачапури жасайды, ал наполеонды ұсынар алдында ғана жинап, шабдалымен және жидектермен толықтырады. Аперитивке твиши, таңқурай және рауғаш қосылған ақ сангрия, чачада қосылған негрони және грузин мінезді авторлық спритцтер ұсынылады.
Мейрамхананың атауы қарапайым аударылады — «қонақ». Ал әрі қарай бәрі түсінікті: «Стумариде» үйдегідей қарсы алады, тойғанша тамақтандырады және жұмыс күні мерекелік атмосфера жасайды. Мұнда қонақтарға чачаны Орталық Азиядағы жалғыз деп айтылатын фонтаннан береді.
Меню негізінен классикалық, бірақ эксперименттер де болып тұрады: «Төрт ірімшік, алмұрт» хачапуриі, 38 сантиметрлік шар тәрізді чебурек-стумарек, вегетариан оджахури және десертке арналған шоколадты хинкали. Бар картасында 200 шарап затбелгісі бар: ностальгия сыйлайтын киндзмараулиден сәнді оранжға дейін, сондай-ақ өрік, шие, барбарис тұнбалары және шарап пен чача негізіндегі коктейльдер.
Жағалауда серуендегеннен кейін грузиннің қонақжай дәстүріне мейлінше берік Gemrieli шағын отбасылық кафесіне соқпай кетпеңіз. Ішіне кіргенде құдды Сванетиядағы туысыңыздың үйіне келгендей боласыз: қабырғада ілінген ту, чоха киген қуыршақтар, түрлі түсті дастархандар, шарап құмыралары, керамика және кептірілген көкөніс сөрелері.
Мәзір боямасыз және қазіргі сән әсерінсіз жасалған: ет пен көкөніс қосылған хинкали, татымды дәмдеуіштер қосылған абхазура, шырынды кубдари, қызарған қабыршақты хачапури — бәрі отбасылық ас мәзіріне сай, берекелі әрі тойымды. Gemrieli бар картасы асханамен бір тілде сөйлейді: үйдегідей және артық салтанатсыз. Мұнда құмырадағы шарапты, хош иісті чачаны және тұнбаларды таулы өңірдің ауылындағыдай «сұлуынан –жылуы» деп береді.
Біздің топтамамыздағы ең танымал бренд «Грузин Кузин» (Астанада сегіз филиал бар) — дәстүрдің үлкен қала ырғағына қалай бейімделетінінің сәтті көрінісі. Мейрамханалардың интерьері артық әшекейленбеген, бірақ этно-акценттер қолданылған, бағалары орташа, атмосферасы қарапайым, өйткені хинкали үшін арнайы себеп қажет емес.
«Грузин Кузин» мәзірінде классика «үздіктердің үздігі» принципімен жиналған: ірімшігі мол хачапури, нәзік өрілген хинкали, чакапули, чашушули, чахохбили. Түпнұсқа және фирмалық тағамдардан жылқы еті қосылған хинкали, ақсеркеден жасалған шкмерули, арқан балық қосылған долма, десертке құлпынай жылтырлы «хачапури» дәмін татып көре аласыз. Барда банкетіңізді дәл сондай колоритпен жалғастыра аласыз: алмұрт пен мүкжидек тұнбалары, жүзім мен балдағы чача ұсынылады.
Фото: мейрамханалардың сайттары мен әлеуметтік желілері, Yandex Maps