о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
о людях и еде от
Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
ОткрытияКадрыСобытияИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
О редакцииРассылкаРедакционная политика

© 2025, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru

МестаКуда сходить

Дог-френдли: итті ертіп қайда баруға болады

Мейрамханаларға жалғыз, достармен, үй жануарларымен барғанды ұнатамыз. Егер үйіңізде капибара бар болса — керемет әрине, бірақ бүгін классикалық дуэт жайлы әңгімелесеміз: адам мен ит. Сіздің құйрықты гурманыңыз өзін вип-қонақ ретінде сезіне алатын орындар бойынша гидті ұстаңыз. NB: жолбасшыны құрастыруға біздің сатылмайтын сарапшымыз — мінсіз талғамы мен тәбеті бар корги Франки қатысты.

11 июня 2025
‌
Саша ТимашковБренд-менеджер abr, блогер

Make Love Pizza

Make Love Pizza мейрамханасын іске қосқанға дейін де (және әрдайым) Томск қаласынан шыққан команда төрт аяқтыларды екі аяқтылармен бірге жақсы көретін: өз қаласында олар иттерге арналған үйлер және жануарларды қорғау жобаларымен қызметтес болатын. Алматыдағы пиццерия-кофеханада мұндай махаббат тек айқындала түсті. Несін айтасың, тіпті, мұндағы кеселердің түбінде де иттердің суреттері бейнеленген.

Жұқа қамырда әзірленген пицца — ең керемет. Ит жетектеп келген кезде біз шұжық қосылғанын аламыз (вегетариандар, кешіріңіздер, бірақ төбет пида талап етеді). Сондай-ақ, мұнда спешелти-кофемен берілетін корнер, керемет крафт-сыра таңдауы бар. Кейде иттерге де арналғаны болады. Иелерінің иттеріне деген махаббаты соншалық, олар тек тәттілерімен ғана бөлісіп қоймай, шылбырлары мен қарғыбауларын да ерекше етіп жасайды. Жобаға үш еселенген «гав»!

Make love pizza

Адрес: Алматы, Бөгенбай батыр көшесі, 140
Заказать доставкуНа карте

Сoco

Бұл стритфуд-дәмханаға иттер құр ғана кіріп қоймайды, Coco-да оларды шын жүректен жақсы көреді. Сіз фирмалық стрипстер мен қанатшалардан ләззат алып жатқанда, сіздің төбетіңіз өзін жергілікті жұлдыз сезіне алады — оны тамақтандырады, еркелетеді, тіпті, оның құрметіне трек те қойып береді (әзіл ғой).

Coco атмосферасы көше мәдениетін бойына сіңірген: стрит-әртістер, диджейлер, достар, иттер — мұнда бәрі өз орнында. Сондықтан келіңіз, өзіңізбен бірге құйрықты серігіңізді ертіп әкеліңіз және тауық етіне тапсырыс беріңіз.

Coco

Адрес: Алматы, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 133
Заказать доставкуНа карте

Umami

Балмұздақ пен иттер — осы екі ұғым үйлесімді ме? Әрине үйлесімді! Біздің сүйікті спот Umami «Неделька» фонтанының жанында орналасқан, онда жаздыгүні отыру ерекше жағымды, судың сылдырын тыңдап, балмұздақты екі бөліп жеуге болады.

Мұндағы ең бастысы — дұрыс таңдау. Umami-де қант қосылмаған нұсқалары да бар, сондықтан естен шығармаңыз: иттерге тәтті жеуге болмайды (иә, төбетіңіз сізге «берші» деген көздерімен жалына қарайды, бірақ біз оның денсаулығы үшін зиян екенін білеміз ғой). Қант қосылмаған кокос балмұздағын алыңыз — сонда әркім өзіне лайық салқын десерт алады.

Umami

Адрес: Алматы, Күләш Байсеитова көшесі, 3
На карте

Villa Boutiques & Restaurants

Иттерге арналған high life. Досыңызбен бірге аздап богемалық өмір кешу артық етпейді. Егер салтанат, таза ауа, әрбір гүлі журнал мұқабасынан алынған сияқты көрінетін күтімді көгалдар мен гүлзарларды аса қатты қадірлесеңіз, онда Вилла — құйрықты ақсүйекпен бірге асықпай қыдырып қайтатын тамаша орын.

Мұнда атмосферасынан ләззат алып, кешеннің түгел аумағында серуендеуге болады. Керемет десерт алу үшін Astra-ға соға кетіңіз, Vanilla-дан фильтр алыңыз, ал егер күніңіз ерекше сәтті болса, осы жерден сағат сатып алыңыз (себебі уақытты тек «итпен серуендеуден» басқа кезде де өлшеп отыруды үйрену керек қой). Сонда да жинастыруға арналған пакеттерді ала жүруді ұмытпаңыз: мұндағы көгалдар әп-әдемі және дәл солай қалғаны абзал. Стиль — тек әдемі киімге ғана емес, тәрбиеге де қатысты емес пе?

Astra Grand Cafe

Адрес: Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 140А/3
На карте

Vanilla

Адрес: Алматы, Әл-Фараби даңғылы, 140А/3
На карте

«Привычки»

Сыра — бәріне белгілі керемет изотоник. Әсіресе, төрт аяқты серігіңізбен бірге Байсейітова көшесіндегі иттер алаңында ондаған айналым жасап келген ұзақ серуеннен кейін керемет. Мұнда әркім өз ісін біледі: сіз доп лақтырасыз, корги жүгіреді. Осындай белсенді қимылдардан кейін «Привычкиде» сәл демалып алуға болады.

Бардағы сыра таңдауы таң қалдырады, ал иттер кейде адамдардан көп жиналады. Мұнда ешкім сізді итіңізбен адам сияқты сөйлесіп отыр деп сынамайды. Себебі мұндағылардың бәрі сондай.

Привычки

Адрес: Алматы, Шевченко көшесі, 65
На карте

KetchUp

Егер мейрамхананың философиясы «Бургерлер мен тағы бірдеңе» болса, бұл орында еркіндік, талғам мен жақсы компанияларды ұнатады деген сөз. Бұл ретте жақсы компания тек достар ғана емес, төрт аяқты серіктер деп те түсінеміз.

KetchUp бургерлерінде тебіреніс болмаса да, мінез бар: сөлді, қуатты, қолжетімді. Әрқайсысы — ет пен тұздықтың мінсіз үйлесіміне ие.  Құйрықты досыңызды ертіп келіңіз, бургерді екіге бөліп (оған бір бөлкесін берсеңіз де болады), бәрі жайлы жайғасып отырған ортадан рахат алыңыз. Дәмді, шын жүректен, артық сәрсеңсіз — нағыз бургерлік кайф осындай болу керек.

KetchUp

Адрес: Алматы, Достық даңғылы, 43
На карте

Gornaya

Бірден бірнеше концепцияны біріктіретін ерекше орындарды ұнатамыз. Gornaya жобасы таспаны ажыратып, сандық форматқа ауыстыруға болатын шағын фотолабораториядан басталған болатын, ал енді бұл жер спешелти-кофе, шағын бар мен крафт-сыраның керемет таңдауы бар кеңістікке айналған. Шамханалы атмосфера, таспа эстетикасы мен қаланың жайлы жерлерін ұнататын жандарға ерекше ұнайды.

Білуге тұрарлық жайт: бұл жерде иттерді жақсы көреді. Төрт аяқты достарыңызбен бірге келіп, осы жерге үнемі келіп отыратын итқұмар жандармен танысыңыз. Ал енді кішігірім лайфхак: бұл жердегі бірінші тапсырыс әрдайым тегін — сондықтан ертерек келіп, фильтр-кофе мен шие бәлішін алыңыз және «Твин Пикс» атмосферасына бөленіңіз.

Gornaya

Адрес: Алматы, Достық даңғылы, 44
На карте

Voronka

Болат ағашпен, иттер чизкейкпен кездесетін қала картасындағы жаңа кофехана. Бұл жерде солтүстікке тән вайб, минимал, ашық ауа, спешелти-дән мен қымбат емес таңғы астар бар. Эфиопиялық кофе, пастралар қосылған бейгл аламыз да, әйнектің алдына жайғасып, дзенге кенелеміз. Және жүндес досыңызды да ерте келіңіз, оны да мұнда қуана қарсы алады.

Кофейня

Поделиться