о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
‌
МестаКуда сходить

Дала & скотч: Auyl және «Огонёк» мейрамханаларының Dewar’s брендімен бірлескен жазғы коллаборациясы

20 июля 2026
‌
«Сходить»
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌

Auyl

Алматы, Медеу ауданы, Керей-Жәнібек Хандар көшесі, 586
 5.0(2305 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Казахская

Контакты

Позвонить в ресторан
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌

Огонёк

м. Алмалы • Алматы, Панфилов көшесі, 125
 5.0(1695 оценок)
12 000-25 000 ₸ • Авторская

Контакты

Позвонить в ресторан
БарКрасивые местаЛетние верандыВеранда

Поделиться

о людях и еде от

Версия: 2.254.0

Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияРазвлеченияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
СкидкиОткрытияВакансииСобытияКадрыИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
РекламаО редакцииРедакционная политика

© 2026, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru

Жаңа дүниені тану үшін әрқашан мыңдаған шақырым жерге саяхаттау міндетті емес, кейде үйреншікті нәрселерге басқа қырынан қарасаңыз жеткілікті. Шотландтық Dewar’s вискиінің философиясы 180 жылдан астам уақыт бойы дәл осы идеяғ сүйенеді. Ізденімпаздық, жаңаны зерттеуге деген құштарлық пен ашықтық «Жаңаны аш» кампаниясының негізіне айналды. Осы жазда бұл науқан әйгілі брендтің басын — Auyl және «Огонёк» атты Алматының екі танымал мейрамханасын біріктірді. Бірінде скотч негізіндегі коктейльдер мен жергілікті дәмдер ұсынылған бар ашылса, екіншісінде арнайы таңдалған үйлесімі бар етті бейсенбілері басталды. Бір идеямен біріккен екі түрлі формат: ең жарқын жаңалықтар кейде дәл қасымыздан табылады.

Auyl мейрамханасындағы коктейль бар

Серіктес материал, фотосуреттерді баспасөз қызметі ұсынды

Auyl мейрамханасының террасасында шотланд мұрасын көшпенділер философиясымен үйлестіретін жазғы бар ашылды. Оның көрнекі ерекшелігі — алға қарай қозғалыс пен белгісізді іздеуді бейнелейтін ауқымды компас. Ал мәзірдің негізгі бағыты — жергілікті ингредиенттер қосылған Dewar’s негізіндегі коктейльдер мен авторлық тіскебасарлар. Әрбір үйлесім табиғат құбылыстары мен Жібек жолы бейнелерінен шабыттанған.

  • Самал (Жеңіл кешкі жел)

Микс: Балауызда тұндырылған Dewar’s, таңқурай, қазақ рислингі, Ташкент лимоны

Пейринг: піскен алма, ысталған йогурт және күйдірілген бал қосылған тарталетка

  • Қоңыр жел (Жылы дала желі)

Микс: Қарақұмықта тұндырылған Dewar’s, педро хименес хересі, құрма, лайм, балқытылған сүт

Пейринг: Қызылша, фермерлік ірімшікпен және қарақұмық ұнтағы қосылған тарталетка

  • Керуен (Караван)

Микс: Алшаға тұндырылған Dewar’s, таңқурай қосылған қызыл вермуты, құрғақ вермут, биттер

Пейринг: Жылқы етінен жасалған шаркутери

  • Шатқал (Тау шатқалы)

Микс: Dewar’s, қызыл портвейн, мүкжидек, қарағай бүршігі, қолдан жасалған рауғаш ликёрі

Пейринг: Қызылша, шие және фермерлік ірімшік қосылған тарталетка

  • Сағым (Шағылыс)

Микс: Dewar’s, қымыздық, қара аюбадам гүлдері, Ташкент лимоны, зімбір элі

Пейринг: креметпен, пеілген бұрышпен және тары попкорнымен тарталетка

«Огонёк» мейрамханасындағы ет бейсенбілері

Әр апта сайын «Огонёк» мейрамханасы Meat Club — ет сүйер қауімның, вискиді бағалайтын және ерекше әрі мінсіз дәм үйлесімдерін іздеушілердің басын қосады. Бірлескен жобаға арнайы мұнда брискет дайындауға арналған кәсіби смокер мен стейктерді құрғақтай сүрлеуге арналған Dry Ager шкафы орнатылды. Ал Dewar’s командасы әр тағамға өз портфелінен ең лайықты сусынды таңдап берді. Енді әр бейсенбі сайын бізді мінсіз дайындалған ет, дұрыс таңдалған бокалдағы сусын, жақсы орта және кешкі Алматы күтеді — бұл осы жаздың ең әдемі рәсіміне айналмақ.