Рамен жапон тағамы саналғанымен, оның тарихы қытай кеспесінен басталады. Жапонияға жеткен соң ол біртіндеп әр өңірдің өз мектебіне, сан түрлі сорпасына ие болып, ақырында табынарлық тағам дәрежесіне көтерілді. Оның мәртебесі соншалық — Йокогамада раменнің қытайлық бастаудан жапон гастрономиясының жұлдызына дейінгі жолын баяндайтын арнайы музей бар. Buddha-Bar бір ғана дәстүрмен шектелмей, раменнің бірнеше заманауи нұсқасын ұсынады: мисо, фо бо және том ям. Әр тәрелкеге сый ретінде корей дастарқанына тән шағын панчхан тіскебасарлары беріледі. Кәдімгі бизнес-ланч емес, нағыз азиялық саммит: Қытай, Жапония, Корея және Таиланд асханасының дәмдері бір дастарқанда бас қосады.
Ең керемет күн кеше соғып кеткен
2022 жылы украин халқының борщ әзірлеу дәстүрі ЮНЕСКО-ның материалды емес мәдени мұралар тізіміне енді. Осылайша күнделікті дастарқаннан түспейтін үйреншікті сорпа халықаралық мәдениеттің бір бөлігіне айналды. Дегенмен ресми мойындаусыз-ақ, борщты ұнататындар қашанда көп еді. Оның айналасында қаншама талас бар десеңізші: соның бірі — борщты қашан жеген дұрыс? Roastbeef кешеден қалған борщты құп көреді. Мейрамхана әлемі бәрін сол сәтте, лезде әзірлеуді талап етіп жатқанда, мұнда үй асханасының ескі бір ақиқатын еске салады: борщқа дәмі сіңгенше уақыт керек. Бір түннің ішінде көкөніс, ет пен сорпа бір-бірінің дәмін бойына сіңіріп үлгереді. Мәзірдегі «кешегі» деген сөз тәбетті қашырмай, керісінше аша түсетін сирек жағдайдың бірі осы.
Азиялық дәмдер тоғысы
Бірінші тағамдардың қолайсыз бір ерекшелігі бар: оларды отырып ішу қалыптасқан. OM бұл шарттылықтан бас тартып, сорпаны өзіңізбен бірге алып кетуді ұсынады. Мәзірде саңырауқұлақ және жасымық сорпасы бар. Жоба авторларының айтуынша, құрамы барынша қарапайым: су, көкөніс және осында қолдан әзірленетін дәмдеуіштер. Кілегей ең соңында қосылатындықтан, екі сорпаны да веган нұсқасында алуға болады — жануар текті өнімдер қоспауын өтінсеңіз жеткілікті. Қалғанының бәрі қарапайым әрі ұтымды: тәрелкенің орнына стақан, асықпай ішетін түскі астың орнына жол-жөнекей жүрек жалғау. Енді жұмысқа бара жатып бадам сүтінен жасалған капучиноны ғана емес, сорпаны да ішуге болатынына үйрену қалды.
1975 жылғы 25 ақпанда Франция президенті Валери Жискар д’Эстен Поль Бокюзді Құрметті легион орденімен марапаттады. Осы оқиғаға орай әйгілі шеф Елисей сарайына арнап трюфель мен фуа-гра қосылған, үсті қатпарлы қамыр күмбезімен жабылған сорпа әзірледі. Сол түскі ас туралы естеліктерге сүйенсек, президент тосын тағамды қалай жеу керегін сұраған. Бокюз қамырдың қытырлақ қабатын жарып жіберуді ұсынады. Француздың жоғары асханасындағы ең әйгілі хикаялардың бірі осылай туып, сорпа президент есімінің бас әріптерімен VGE деп аталды. Арада жарты ғасыр өткенде бұл гастрономиялық идея Астанаға да жетті. Lou Lou-да Елисей сорпасы бөденеден қайнатылған қанық сорпаға көкөніс, фуа-гра және трюфель қосып дайындалады. Ру тұздығы оған мақпалдай жұмсақ құрылым береді, ал үстін жұмыртқаның сарысы жағылып, қызара әрі қытырлай піскен қатпарлы қамыр жауып тұрады. Бұл рецепт Бокюздің түпнұсқасын сөзбе-сөз қайталамайды, бірақ оның басты әсерін сақтаған: сорпаға жету үшін алдымен шағын сәулет жауһарын бұзуға тура келеді. Осындай сәт үшін өзіңді аз уақытқа болса да Франция президентіндей сезінуге болады.
Фото: мейрамханалардың сайттары мен әлеуметтік желілері; Yandex Maps
Алып кетуге болатын бірінші ас
Финляндияда кілегейлі балық сорпасы — лохикейттоның үйреншікті болғаны сонша, оны үй дастарқанынан да, мейрамхана мәзірінен де кездестіруге болады. Тіпті финдер бұл сорпаны кілегейсіз де жиі әзірлейді. Қысы күнтізбенің тең жартысына созылып кететін Астанада мұндай тағамның таңдалуы заңды көрінеді. Two Hands командасы скандинавиялық балық көжесінің өзіндік нұсқасын жасауға дәл елорданың аязы шабыт бергенін айтады. Қанық балық сорпасына албырт, жолбарыс түстес асшаян, көкөніс пен кілегей қосылады. Кілегей дәмін жұмсартса, асшаян солтүстік классикасына мейрамханалық сән-салтанат үстейді. Нәтижесінде қызық географиялық хикая шығады: балық — Норвегиядан, рецепт — Финляндиядан, ал әзірлеуге себеп болған — Қазақстанның ауа райы. Мұны халықаралық ынтымақтастық демегенде не дейміз.
Астурияның ауыр салмақтағы асы
Солтүстіктің мінезі
Испанияның Астуриясында үрме бұршаққа айрықша мән береді: жергілікті faba asturiana сұрыбына тіпті қорғалған географиялық көрсеткіш мәртебесі берілген. Мұнда ең үздік фабадаға арналған байқаулар да өтеді, ал жеңіс мейрамханаға қонақтар мен баспасөздің назарын бірден аударуы мүмкін. Фабаданың өзі ымыраны білмейтін тағам: ірі ақ үрме бұршақ, ет өнімдері, чоризо және ұзақ пісіру. Дәстүрлі нұсқаларына қаннан жасалған шұжық пен шошқа еті де жиі қосылады. Las Tapas-та фабаданы тауық сорпасына ақ үрме бұршақ пен чоризо қосып әзірлейді. Қоюлығы жағынан сорпа мен рагудың ортасында, ал тойымдылығы жағынан бір өзі толық түскі астың орнын басады. Сөйтсек, испан асханасы дастарқанды он шақты шағын тапасқа толтырып қана қоймай, бір тәрелкемен-ақ қарын тойдырудың да амалын біледі.
Президенттік түскі ас