о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
о людях и еде от
Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
ОткрытияКадрыСобытияИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
О редакцииРассылкаРедакционная политика

© 2025, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru

МестаКуда сходить

Бірегей азиялық мейрамханалар

Астанада дәмді пекин үйрек етін, мінезге толы том ям, дұрыс тандури тауық етін, бір топқа арналған хого және құпияға толы ккотынщимді қайдан табуға болады? Баратын жолдар мен құпиясөздерді айтып қоямыз.

11 июня 2025
‌
Айгерим Food_PatrulАнонимный ресторанный обозреватель

Asakusa

Жағалауға тамаша көрінісі және шығыс салтанатының сарынындағы заманауи интерьері бар қаланың изакая форматындағы бас мейрамханасы. Ашық асхана, бай шарапхана және St Regis қонақүйіндегі барлық мейрамханаларға тән мінсіз сервис бейнені толықтыра түседі. Малайзиялық шеф-аспаз Азрул Исмаил қонақтарға тай және кәріс дәмдерімен аздап дәмделген шағын жапондық топтаманы ұсынады. Порциялары шағын болса да, бағалары мейрамхананың мәртебесіне лайық.

Редакцияның таңдауы:

●     Кокос сүтіне салынған ұлулар мен сибас қосылған татымды том ям. Бірінші қасықтан ғашық болып қалуыңыз мүмкін, сонда бір порция үшін белгіленген 10 000 теңге баға асыра қымбат болып көрінбейді.

●     Raw сүйер қауым осындағы албырт етінен жасалған сашими мен манго тұздығы қосылған «Филадельфия» роллына әсте биік баға берер.

Asakusa

Адрес: Астана, Қабанбай Батыр даңғылы, 1
На карте

Momo

Жапондық үй асханасын ұсынатын жайлы мейрамхана, мұнда бәрін билейтін шеф-аспаз — Кишигами Дайске. Мұнда әдемі интерьерлер, салтанатты киінген даяшылар мен үйреніп қалған «Филадельфия» жоқ. Алайда, бос үстел табу үшін біршама қиналуға тура келеді. Қиналған еңбегіңіз жарқын жапондық мәдениетке бой ұсынумен марапатталады. Қабырғаларға ілініп тұрған аниме постерлері, кітап сөрелеріндегі манга коллекциялары және көршілес үстел басындағы жапондық әңгімелер атмосфераны үдете түседі.

Редакцияның таңдауы:

●     Хамбааг — браун тұздығына салынған сиыр етінен жасалған сөлді котлеттер. Бірден үшеуін алыңыз, бір котлетке тоймай қалуыңыз мүмкін.

●     Карри райсу — карри тұздығына салынған көкөністер мен таңдауға болатын ет (сиыр еті/тауық еті) қосып жасалған қою рагу. Үнділік карримен шатастырып алмаңыз, жапондықтар мұны кешірмейді.

●     Чикен катсу — қытырлақ ұнтаққа аунатылған қуырып жаншылған тауық еті. Оған міндетті түрде дәстүрлі қырыққабат салатын қосыңыз.

●     Десерттер арасынан шифонды бисквит ұнады — Миядзакидің «Елестердің арбауында» туындысындағы Жүзсіз адам дәл осыны жеген болатын.

Momo

Адрес: Астана, Ахмет Байтұрсынов көшесі, 5
На карте

Turandot

Қытайлық мейрамханалар туралы әңгіме басталған кезде бірінші болып Turandot ойға келеді. Есіктерін шалғайда өткен 1998 жылы ашқан ол ұзақ уақыт бойы эталонды мейрамхана деп саналып, астанада қытайлық гастрономияның жоғарғы дәрежесін белгілеп тұрды. Қытай асханасының алуан түрлілігін барынша кеңінен ашатын бай мәзірімен мақтана алатын әдемі мейрамханалардың бірі. Бонус: Сарыарқа даңғылындағы филиалдың екінші қабатында мини-банкет өткізуге, караокемен ән шырқауға және хого әзірлеу үрдісінен ләззат алуға болады.

Редакцияның таңдауы:

●     Аңызға айналған пекиндік үйрек еті. Классикалық түрде тарту етіледі: хош иісті сүбе, нәрлі бульон, астатымды дәмдегіштермен қуырылған сүйектер және жұқа нан. Дәмнің балғын болуы үшін тағамға дәстүрлі түрде қияр мен сопақбас пияз қосады.

●     Ван зе сорпасы — фрикаделькалар, тофу, асжапырақ пен балғын қызанақтар қосылған ащы сорпа. Ауа райы салқын кезде жылытып, бет-жүзіңізге қызыл рең береді.

●     Имин пи лу — ащы тұздыққа салынған теңіз өнімдерінен жасалған ассорти. Қуырма табада шыжғырып тұрған күйінде тартады.

Turandot

Адрес: Астана, Сарыарқа даңғылы, 40
Заказать доставкуНа карте

Koreana BBQ

Рамен, токпокки, кимпабтар әлемді жаулап жатса, Астана да сырт қалмады. Жақсы және онша емес көпшілік орындардың арасынан редакция бір-екеуін іріктеп алды. Солардың бірі — бізді 20 жыл бойы ерекше кәріс тамағымен қуантып келе жатқан Koreana BBQ мейрамханасы. Сондай-ақ бұл қонақтарға үстел басында отырып, кәуап пен самгёпсаль әзірлеуге мүмкіндік беретін мейрамханалардың бірі. Тойымды түскі астан кейін американдық пул партиясын ойнауға немесе караоке бөлмесінде ән айтып көруге болады.

Редакцияның таңдауы:

●     Егер топпен келсеңіз, пудэчиге алуға кеңес береміз — ветчина, қысқа шұжықтар, сиыр еті, сыр, токпокки, тофу және екі түрлі кеспе қосылған ащы сорпа. Күріш пен бір-екі салат бөлек тартылады.

●     Ккоттынщим (атауы да біртүрлі қызық көрінеді) — мәрмәрлі деңгейі өте жоғары американдық рибай. Қуырғаннан кейін стейк ыңғайлы тілімдер түрінде туралады, салат жапырағына оралады және рахаттан отырып желінеді.

●     Самгёпсаль. Кәрісше грильде қуыру үшін тілімдер түрінде туралған шошқа қаттамасы. Салат жапырақтары, ащы тұздық және күрішпен бірге тартылады. Дайын күйде тапсырыс беруге болады, бірақ ерекше кайф — үстел басында отырып, таба өз бетіңізше қуырып әзірлеу.

Koreana BBQ

Адрес: Астана, Қажымұқан көшесі, 3
На карте

«Көктем»

Астанада бірегей үнді асханасын табу өте қиын деп айтса да болады. Астатымдар мен құмарлық әлеміне не алуан түрлі мәзірі бар заманауи фаст-кэжуал-дәмханада, не болмаса, сырт көзге сырахана болып көрінетін, бірақ ішінде бірегей үнді асханасы бар қарапайым мейрамханада үңіліп алуға болады. Топтамаға бірінші нұсқа кірді, ал екіншісі бір күні кезекке тұрып қалар.

Қаладағы «Көктем» дәмханасы Бәйтерекке бет алған әсем көрінісімен ғана емес, тағамдарының сан түрлілігімен де мақтана алады: пюре қосылған үй котлеттері, лазанья, фалафель мен пибимпап қосылған веган-лаваш. Қорықпаңыз — үнді асханасының бөлімі үшін шақырылған шеф Мохан Бхандари жауап береді. Тандырлар орналасқан өзінің ашық асханасында ол нағыз сиқыр жасайды.

Редакцияның таңдауы:

●     Катер-ролл — роти жұқа нанына оралған тикка тауығы, жұмыртқа, чили бұрышы және жасыл тұздықтың кетчуппен дуэтінен тұратын үнді «шауырмасы».

●     Чикен тандури — йогурт пен ерекше дәмдегіштер қоспасында маринадталған және тандурда көмештелген тауық еті. Чиз гарлик нан сияқты үнді жұқа нанын және күріш қосып жеуге кеңес береміз.

●     Харе пияз панир — жуа, зімбір, күнзе мен сарымсақ қосылған панир сырының қуырылған тілімдері.

●     Самоса — ішінде картоп салмасы бар қызғылт «бәліштер», оларды масала шайын ішіп отырып жеген абзал.

Koktem

Адрес: Астана, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1
Заказать доставкуНа карте

Di Wang

«Азиялық премиум асхананың гастрономиялық тәжірибесі», — деп жазады өздері туралы Di Wang мейрамханасы. Тіке, батыл айтылса да, ақиқат. Шеф-аспаз Рустам Омаров ұсынған мәзірді қарап шығу жеткілікті: понзу тұздығына салынған сиыр етінен жасалған татаки мен момидзи ороши, манго мен қуырылған үйрек еті қосылған салат, жылқы еті, көкөністер мен күнзе қосылған бао-бургер — Азияның мол гастрономиялық дәстүрлері бір мәзірге қалай мұқият жиналғанын сезініп тұрсыз ба? Оған еуропалық футуризм мен азиялық өзгешелікті біріктірген концептуалдық интерьерді қосыңыз. Вуаля — романтикалық кездесулер өткізетін мінсіз орын дайын.

Редакцияның таңдауы:

●     Хош иісті бульонға салынған асшаяндар еті қосылған вонтондар. Аңызға сенсек, қанша «тұшпара» жесең, алдағы жылы соншалықты көп ақша табасың. Оған сенбейтіндей біз кімбіз?

●     Ағаш саңырауқұлақтары мен васаби картобы қосылған бұқтырылған сиырдың жақ еті — шеф-аспаздың сүйікті тағамы, бұл жай белгі емес, бұл әрекетке шақыру белгісі.

●     Күріш құймақтары және хойсин тұздығымен бірге тартылатын пекинше үйрек еті. Оған қоса сізге балғын көкөністерден жасалған гарнир мен қаныққан бульон кесесін бірге әкеліп береді.

●     Ал мұнда қаладағы ең керемет димсам әзірленетіні жайлы айтқан ба едік? Айтпасақ, онда айтамыз.

Di Wang

Адрес: Астана, Қадырғали Жалайыри көшесі, 4
На карте

Aiala Hogo

Хого — үстел ортасына қойылған қытайлық самаурын визит карточкасына айналған халал мейрамхана. Мұндай жерлерде өз бетінше тамақ әзірлегенді ұната қоймайтын адамдардың көптігіне қарамастан, бұл мейрамхана әрқашан лық толы болады. Қонақтар Aiala Hogo-ны үстелдерге іштей орнатылған стейк пен теңіз өнімдерін қуыратын табалардың бары және хогоға арналған көкөністер, кеспе мен еттің жақсы сұрыптамасына қарап таңдайды. Сервисті мақтауға дайын емеспіз, алайда Сычуань провинциясының бір жеріндегі хого-орталыққа барып келгендей алған әсер үшін плюс қоямыз.

Редакцияның таңдауы:

●     Ащы бульонға салынған хогоны жеп көруге кеңес береміз. Оның ішінде асшаяндар, кальмарлар, сиыр еті, эноки саңырауқұлақтары, тофу, брокколи, майбұршақ қысқа шұжықтарын пісіріп алыңыз. Тұздықты араластыруға мейрамхана қызметкерлерін шақырыңыз.

Aiala Hogo

Адрес: Астана, Улица Сагадат Нурмагамбетов, 23
На карте

Korean Home Food

Базардағы шағын шатыр немесе ауданы бес текше метр құрайтын шағын асханада тағам әзірлеп сату әрекеті жетістікке әкеліп, толыққанды мейрамхананың пайда болуына себеп болған хикаяларды білесіз бе? Бұл дәл сондай жағдай. Топтамаға Элина Тяннің тумасы кірді. Korean Home Food мейрамханасы өзінің жайлы кеңістігі, жоғары деңгейлі сервисі, және, әрине, кәріс үй асханасының дәмді тағамдарының арқасында астаналық гастрономиялық картада өз орнын бұрынна иеленген. Жарамды кеңес, тайсалмай көреміз.

Редакцияның таңдауы:

●     Пекин қырыққабатынан жасалған дәстүрлі кимчи — мейрамхана тарихында өз таңбасын қалдырған өнім.

●     Жеп көргенде саусағыңды жұтып қоярдай дәмі бар қышқыл-тәтті тұздыққа салынған яннем қанатшалары.

●     Кальбитан — тукпеги қыш құмырасына салып тартылатын сиырдың қабырға еті, сәбіз, дайкон мен батат кеспесінен жасалған сорпа.

●     Десертке моти алуға кеңес береміз, мұнда қаладағы керемет мотилердің бірін әзірлейді. Және, әрине, бір кесе көк шай іше отырып, шоколад пастасы жағылған пунгопан балығын жеп көрген абзал.

Korean Home Food

Адрес: Астана, Достық көшесі, 4
На карте

Поделиться