о людях и еде от яндекс еды

мы в телеграм
  • Места
  • Люди
  • Блюда
  • Новости
‌
МестаКуда сходить

Бақытқа апарар тағамдар немесе дофаминді қайдан табуға болады

Қуырылған тауық еті, веналық тафельшпиц және мейіз қосылған «ұлу» тоқашын не біріктіреді? Әрине, бақыт! Бұл тізімде біз калория емес, таза қуаныш сыйлайтын тағамдарды жинадық. Қандай жағдай болса да, олар көңіл-күйді көтеруге кепіл.
18 марта 2026
‌
Амина ТулеутаеваАвтор текстов о еде и ресторанах Астаны

«Сеул» және «Криспи» бургерлері

Frito кафесінде

Бұл қызғылт-сары кафе тек тауық еті мен америкалық бургерлерге маманданған. Бургердің ішінде айсберг жапырақтары, маринадталған қияр және кез келген лайықты фастфудтағыдай «сол әйгілі құпия соус» бар. Мәзірде бар болғаны бес түрлі бургер және ащылықтың бес деңгейі ұсынылған. Ең ащысын жеу қиын дейді, ал корейдің тәтті-ащы соусындағы тауық еті бар «Сеул» (1 990 теңге) немесе ірімшік пен коул-сло қосылған, бриошь тоқашындағы классикалық «Криспи» (1 890 теңге) кез келген адамға лайық.

‌
‌
‌

Жаңа дайындалған болоньезе

Lia бистросында

Ботаникалық баққа жақын орналасқан Lia бистросында (Aula Family компаниялар тобына кіреді) қарапайым итальян тағамдары ұсынылады. Бірақ классикалық болоньезе (3 900 теңге) мұнда ерекше дайындалады: қамыр қолмен иленіп, жайылып, кесіледі, дәстүрлі соус томат пен ет толық үйлескенше баяу қайнатылады, ал дайын тағам үстіне молынан пармезан себіледі.

Мәзірде классикадан бөлек, ерекше нұсқалар да бар: тауық еті қосылған паппарделле, асшаян мен биск соусы бар равиоли, үйрек конфимен паста және тіпті бірнеше адамға арналған теңіз өнімдері қосылған үлкен паста (үш-төрт адамға есептелген) — нағыз итальяндық кеш өткізуге тамаша себеп.

‌
‌
‌

Lia

Адрес: Астана, Қабанбай Батыр даңғылы, 45/1
О месте

Мейіз бен цукат қосылған «ұлу» тоқаш

Paris Brest наубайханасында

«Хан Шатыр» маңындағы бұл наубайхана-кондитерлік 2019 жылдан бері жұмыс істейді және түрлі қамыр өнімдеріне маманданған. Ассортименті тұрақты, ал мейіз бен цукат қосылған «ұлу» тоқашы (1 000 теңге) — басты хиттердің бірі. Ол қатпарлы қамырдан дайындалып, цитрус шәрбатымен сіңіріледі. Ішкі құрамы бай: заварной крем, цукаттар және ромға малынған ірі мейіз.

Сондай-ақ витринада қара бидай тартиндері, моцарелла қосылған багеттер, бискотти және, әрине, атауын берген әйгілі «Пари-Брест» десерті бар.

‌
‌
‌

Ет қосылған чиз рамён

Peek-a-boo кафесінде

Нұржол бульварындағы (бұрынғы Су-Жасыл бульвар) корей кафесі бес жылдан бері үлкен табақтарда рамён ұсынады. Теңіз өнімдерімен, тауықпен, ірімшікпен немесе веган нұсқада — қандай түрі болса да, әр тағамға пайдалы вакаме балдырлары қосылады.

Ет қосылған чиз рамёнды (4 100 теңге) ерекше атап өту керек: бидай кеспесі, дәмдеуіштері бар қою сорпа, сиыр еті және жұмыртқа — Корея дәмін сезінудің тамаша тәсілі. Мұнда дәстүрлі тағамдардан бөлек, танымал заманауи нұсқалар да бар: крем-чиз бен жидектер қосылған шағын панкейктер, ұшатын табаққа ұқсайтын UFO бургер, банкідегі сәнді корей десерттері және капибара мен хомяк пішініндегі фотогенді мусстар.

‌
‌
‌

PEEK-A-BOO

Адрес: Астана, Дінмұхамед Қонаев көшесі, 12/1
О месте

Веналық тафельшпиц

Shate мейрамханасында

Триумфалды арка маңындағы Shate мейрамханасында аңызға айналған веналық тағам — тафельшпиц (20 000 теңге) ұсынылады. Бұл — коллагенге бай ерекше ас: мәрмәрлі сиыр еті (жілігімен бірге) тамырлы көкөністер қосылған сорпада сегіз сағаттан астам баяу пісіріледі.

Ұсыну тәсілі де ерекше: тағам подноста әкелінеді, сорпа бөлек құйылады, ет қонақтардың көз алдында кесіліп, алма мен желкек соусы және қаймақпен бірге беріледі.

‌
‌
‌

Shate

Адрес: Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 35А
О месте

«Төрт фермерлік ірімшік» пиццасы

Pizza Uno пиццериясында

Uno мейрамханасының «інісі» — Uno Pizza пиццериясында қаладағы ең ірімшікке бай пиццалардың бірі ұсынылады. Оның құрамында моцарелланың екі түрі, трюфельді качотта, дорблю және бал-трюфель соусы бар; бұл ерекше пиццаның бағасы — 5 600 теңге.

Өнім сапасы — команда үшін ерекше мақтаныш. Себебі Uno тарихы голштин тұқымды сиырлардан алынатын сүттен жергілікті ірімшік өндірілетін фермада басталған. Кейін фермерлік мейрамхана Uno ашылды, ал одан кейін жұқа қамырлы және қалың жиегі бар пиццаны жеткізу қызметі іске қосылды.

‌
‌
‌

Pizza uno

Адрес: Астана, Әлихан Бөкейхан көшесі, 24
О месте

Фото: мейрамханалардың сайттары мен әлеуметтік желілері; Yandex Maps

Поделиться

о людях и еде от
Места
ОбзорыИсторииКуда сходитьГорода
Люди
ИсторииЧему учитьсяМненияРазвлеченияБлиц
Блюда
ИсторииПодборкиРецептыПродукты
Новости
СкидкиОткрытияКадрыСобытияИсследованияЦитатаДругое
мы в телеграм
РекламаО редакцииРедакционная политика

© 2026, ООО «Яндекс еда» (18+)

для обратной связи news.openkitchen@eda.yandex.ru